Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 2518 2 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 12:35

Еуропа елдерінде бұқаралық мәдениетті емес, өнерді қолдау - қалыпты тәжірибе

Мемлекет Жазушылар одағын қаржыландырмақ екен. Әзірге қаржыландыру механизмі белгісіз.

Егер, бюджеттен одаққа ақша тікелей берілетін болса, онда ол заңға қиғаш сықылды. Одақты қаржыландырса, Суретшілер, Кинематографтар одағын да, Діни басқарманы да қаржыландыруы керек. Тіпті, марка жинаушылар мен кактус өсірушілер бірлестіктерін де қолдау керек.

Қоғамдық ұйымды бүйтіп түгел қаржыландырса, біз советтік жүйеге қайта ораламыз. Ол бізге керек емес.

Ал, мемлекеттің өнерді, өнер деуге тұрарлық әдеби шығарманы қаржыландырып, оның шығуына жәрдемдесуін қолдаймын. Өйткені, өнердің көп түрінің бұқаралық сипаты жоқ, ол нарыққа бейім емес. Нарыққа бейімделіп, тауарға айналып, тиражға ұмтылса, әдебиетке ұқсамай қалады.

Дәстүрлі ән, авторлық кино, опера мен балет, сурет те сондай қолдауға лайық өнерлер. Еуропа елдерінде бұқаралық мәдениетті емес, өнерді қолдау - қалыпты тәжірибе.

Болат Мүрсәлімнің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір