Сенбі, 27 Сәуір 2024
2985 5 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 10:54

Aлмазбек Атамбаевқа сот-психиатриялық сараптама тағайындалды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Бұл туралы 9 желтоқсанда ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, заңға сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыспен айыпталып жатқандар міндетті түрде осындай сараптамадан өтуі тиіс.

"2019 жылдың 12 қарашасында ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша айыпталғанына байланысты Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 171-бабы ("Сараптаманы дайындау негіздері") негізінде Атамбаев Алмазбек Шаршеновичке сот -психиатриялық сараптама дайындау жөнінде шешім шығарылып, денсаулық сақтау министрлігіне қарасты психикалық саулық орталығына жіберілді", - деген ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Атамбаев биыл 8 тамызда Кой-Таш ауылындағы үйінде арнайы операция кезінде ұсталып, қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында қамауда отыр.

Кой-Таш оқиғасы кезінде бір офицер қаза болып, жүзден астам адам жарақат алды.

Abai.kz

5 пікір