Жұма, 26 Сәуір 2024
2638 0 пікір 14 Қараша, 2019 сағат 11:20

Орталық Азия елдерінің президенттері 27 қарашада Ташкентте кездеседі

Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі 27 қарашада Ташкентте өтеді. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы 12 қарашада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген.

Назарбаев кездесу "Ташкентте ойдағыдай өтетініне" сенім білдірген.

Назарбаевтың айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында шешілмеген мәселелер бар. "Қақтығыстардан адам өлім жатыр" деді ол.

Еске салайық, 2017 жылы қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кездесуін өткізу бастамасын көтерген.

Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы пікір алмасу кездесуі 2018 жылы Қазақстан астанасында өтті. Биыл маусым айында Өзбекстан сыртқы істер министрлігі екінші басқосу күзде Ташкентте өтетінін хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір