Жұма, 26 Сәуір 2024
2752 3 пікір 12 Қараша, 2019 сағат 09:57

Қырғызстанға ҰҚШҰ-ға мүше елдердің президенттері барады

28 қарашада Қырғызстанға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің президенттері барады. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 қарашада президент Сооронбай Жээнбеков сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековті қабылдап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары және ҰҚШҰ сессиясында қаралатын мәселелерді тағы бір пысықтап алған.

Қазақстан президентінің сапары 27 қарашада белгіленген. 28 қарашада Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мемлекет басшыларының және Армения премьер-министрінің қатысуымен ҰҚШҰ кеңесінің жиыны өтеді.

ҰҚШҰ 1992 жылы құрылған. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Армения және Беларусь мүше.

Abai.kz

3 пікір