Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 6014 11 пікір 31 Қазан, 2019 сағат 11:57

Ақымақтарға ақыл кіргенде...

(Сайтан алғыр сатира!)

Қазақстанда 7 түрлі ақымақтар бар:

1 - Коммунизмге сенгендей, 2050 ге сенетін ақымақтар!

2 - Кониституциядан 7 - баптың 2 - тармағын жоймай - қазақ тілінің мемлекеттік тіл болатынына сенетін ақымақтар.

3 - Қазақстанда - билік те, жердің асты - үстіндегі байлық та халық қолында! - дегенге сенетін ақымақтар.

4 - Қазақстанда жер сатылмайды да, сатылған да жоқ! - дегенге сенетін ақымақтар.

5 - Қазақстанда Президент, Парламент сайлаулары әділ өтті! - дегенге сенетін ақымақтар.

6 - Қазақстанда қос билік жоқ! - дегенге сенетін ақымақтар.

7 - Жемқор биліктің - жемқорлармен күресетініне сенетін ақымақтар.

Осы 7 түрлі ақымақтарға ақыл кіргенде - Қазақстан алдыңғы 10 елдің қатарына қосылатынына кепілдік беремін!

Айтқаным келмесе - Заманбектей бастан бір, жүректен екі рет атылып өлейін!

Аймұханбет Бейсембековтың facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір