Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4445 0 пікір 18 Қыркүйек, 2013 сағат 07:43

«Әйел бақыты»: Бесікті кім тербетеді?

«Әйел бақыты» ток-шоуы келесі аптада «Бесікті кім тербетеді?», «Ғаламтордағы ғашықтық», «Балам-барым», «Дәстүрдің озығы бар», «Толықтықтан арылудың тоқсан тәсілі»  тақырыбтары төңірегінде мәселе көтеріп, көрермендермен ой бөліспек. 

Бала тәрбиесі қай заманда да маңызын жойған жоқ. Жаһанданған заманда бала жанында кім болған дұрыс? Ана ма, бала күтуші ме? Осы сұрақтарға жауап тапқыңыз келсе... Ғаламтор арқылы танысып, табысқан тағдырға куә болғыңыз келсе... Сондай-ақ  ғаламтордың шырмауынан алаяқтарға алданған жандардың, баласы үшін күйеуінің  құйтырқы әрекеттеріне мойынсұнған әйелдің тағдырына бей-жай қарамасаңыз... Дәстүрдің озығын тамсап, тозығын талдап, дұрыс дегенін таңдауға жәрдемдесем десеңіз... Томпиған толықтар мен сымдай тартылған сымбаттылардың сырына қанық болғыңыз келсе... жұмыс күндері сағат 14.55-те тікелей эфирдегі ток-шоуды тамашалаңыз!

Аптасына бес рет эфирге шығатын бағдарлама барысында сұрақ қойып, ой бөлісуге шақырамыз. Бағдарламаның жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.  Тікелей эфир телефондары: 55- 31- 80, 55- 31-81. Астана қаласының коды: 7172. «Әйел бақыты» эфирден тыс уақытта да сіздердің ой-пікірлеріңізбен бөлісуге әзір. Ол үшін 55-38-24, 55-32-86 нөмірлеріне немесе abakhyt@kazakstan.kz электронды  мекен-жайына хабарласыныз.

0 пікір