Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3775 0 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 10:42

Сенат алдағы үш жылға арналған бюджетті талқылап жатыр

Сенатта 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, еліміздің Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларының таныстырылымы болды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,9 трлн.теңгені құрап, 2019 жылдың жоспарына қарағанда 886,2 млрд. теңгеге өседі.

Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 46 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды. Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі тұтастай алғанда ел азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмек көрсетуге жіберіледі. Бұл ретте көрсетілген шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, 2020 жылы осы төлемдерді қаржыландыру көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 276,7 млрд.теңгеге ұлғайды.

Денсаулық сақтау жүйесіне 2020-2022 жылдарға арналған шығыстар 4,7 трлн. оның ішінде 2020 жылы-1,5 трлн. теңге немесе 2019 жылғы деңгейге қарағанда 298,5 млрд. теңгеге өседі. Бұл бірінші кезекте, тегін кепілдендірілген дәрігерлік көмек көлемі аясында медицина қызметкерлерінің еңбекақысының ұлғаюына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшуге байланысты болып отыр.

2020 жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 4,1% деңгейінде болжанып, одан әрі 2024 жылы 4,7% - ға дейін өседі. ЖІӨ-нің алдағы орта мерзімді кезеңдегі орташа жылдық өсу қарқыны 4,4 пайызды құрайды. Ұлттық Банк жылдық инфляцияның 2020-2021 жылдардағы дәлізін 4,0-6,0% шегінде сақтай отырып, кейіннен 2022 жылдан 3,0-5,0 пайызға дейін төмендететін болды.

Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) үш жылдық кезеңде: 2020 жылы – 8,1 трлн. теңге немесе ЖІӨ-нің 10,9%; 2021 жылы – 8,7 трлн. теңге немесе ЖІӨ-нің 10,6%; 2022 жылы-9,5 трлн. теңге немесе ЖІӨ-нің 10,7% болады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2020-2021 жылдары 2 трлн. 700 млрд. теңге болып,  2022 жылы 2 трлн. 600 млрд. теңгеге дейін төмендейді. 

Жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге және аймақтық экономиканың дамуын ынталандыруды арттыруға бағытталған. Трансферттер көлемі өңірлердің ерекшеліктерін, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруды, сондай-ақ жергілікті табыстардың өсу әлеуетін ескере отырып есептелді.

Мақсатты трансферттерден микро және шағын бизнес кірістерінің салық салудан босатылуын және педагогтардың, мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат бөлуін ескере отырып, субвенциялар мен алып қою көлемдері түзетілді.

Осынндай ерекшеліктер есепке алына отырып, жалпы сипаттағы трансферттер мынадай көлемдерде айқындалды: бюджеттік алулар 2020 жылы – 420 млрд. теңге; 2021 жылы – 451 млрд.теңге; 2022 жылы – 490 млрд. теңге; бюджеттік субвенциялар 2020 жылы-2 трлн. 104 млрд. теңге; 2021 жылы – 2 трлн. 121 млрд. теңге; 2022 жылы - 2 трлн. 125 млрд. теңге. 

Осылайша, 2020-2022 жылдары 13 субвенциялық және төрт аймақ-донор айқындалды. 

Ұсынылған заң жобалары Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында 21 қарашада қаралып, оған дейін талқылау жұмыс топтарында талқыланады.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3559