Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3819 8 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 11:56

Бұл ойды айту Ерлан Қаринді “жек көруді” білдірмейді

Адамның танымалдығы, құзыреті өскен сайын оның әрбір сөзіне майшаммен қараған абзал.

Қоғам алдында саналы түрде шыққан адам оған дайын болу керек.

Осы күндері Марғұлан Сейсембайдың айтқандары көңіліме қонып жүр. Алайда ол кісі қалай ел тағдырын анықтайтын билікке ие болады, мен сол сәттен бастап оның сөздерін күдік фильтрі арқылы қабылдаймын.

Мен құрметтейтін Дінмұхамед Қонаев бүгін ел басқарса, дәл осыны жасаймын.

Билік табиғатынан зұлым нәрсе, абсолют билік абсолют зұлымдыққа әкелуі мүмкін. Сол үшін әрбір шешім, әрбір ой ашық қоғамдық талқыдан, зерделеуден өту керек.

Адам өзіне қарсы сын айтқандардың бәрін хейтер дей берсе, мәселе сын айтушыларда емес, сол адамның өзінде деп сенемін.

Сіз бейресми кеңес беретін кеңесші пікірім үшін жау санаса, жек көрсе, “тұншықтыруға” тырысса, ондай адамды билікке тіпті жолатуға болмайды.

Жақсы істері бар болар, бірақ онысын айтуға ұялып жүрген адамды көрмедім. Өзі айтады, бейресми кеңесшісі мен оның достары және бар дегендей.

Ал енді мақаласына келер болсақ.

Өте ауыр тілде жазылған. Логикалық байланыс нашар. Бірақ месседжі анық - мемлекетшілдік.

Зарина Ахматоваға берген сұқбатында былай деген екен:

“Когда мне говорят: «Вот в Украине или Грузии – так и так», я считаю, что, если вместе с тем элита уступает и жертвует какие-то государственные принципы – монолитность общества, территориальная целостность, лучше уж по мне быть сторонником авторитарности.”

Авторитаризмді Украинадағы немесе Грузиядағы жағдаймен ақтауға болмайды. Ол елдердегі жағдайдың алдын авторитаризмге сүйенбей-ақ алуға болады.

Дәл сол сұқбатта Ерлан Тынымбайұлы: “Мы же на события в стране смотрим из внутреннего контекста, а есть еще внешний... Я считаю, что процесс должен идти с учетом внутренних запросов, в первую очередь, но в то же время должен исходить из главного принципа и цели – чтобы не нанести ущерба устойчивости государства. Иногда надо действовать четко, и без двусмысленности, исходя из высших интересов,” деген екен.

Мемлекетшілдік, сыртқы жау, мемлекет тұрақтылығы, жоғары мүдде - бұл категорияларға сүйенуде абай болу керек. Себебі Кеңес билігі қазақ халқына қасірет әкелерде де осы риториканы пайдаланды.

Бұл мемлекетшілдік ашаршылықты ақтайды, бұл мемлекетшілдік 1937-1938 жылдардағы репрессияны ақтайды.

Бұл мемлекетшілдік қазақ жерінде 456 ядролық бомба жаруды ақтайды.

Бұл мемлекетшілдік тәуелсіз басылымды жауып, журналистерді қудалауды ақтайды.

Бұл мемлекетшілдік Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың өлімін ақтайды.

Бұл мемлекетшілдік Жаңаөзендегі халыққа оқ атуды ақтайды.

Бұл ойды айту Каринді “жек көруді” білдірмеу керек. Бұл жай ғана адамдарда осындай көзқарас бар екенін білдіреді. Келісу-келіспеу өз шаруасы. Жазу, ойымды білдіру - менің шаруам.

Әрбір сөзі ақиқат, сынауға қақың жоқ десеңіз, оған келісе қоймаспын.

Дархан Өмірбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір