Жұма, 29 Наурыз 2024
5743 3 пікір 10 Қазан, 2019 сағат 13:28

Ардагер балуанымыз әлем чемпионы атанды

Грузия астанасы Тбилисиде күрес түрлерінен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 

Кеше, 9 қазан күні грек-рим күресінен 62 келі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық балуан Қасенхан Серғазиев әлем чемпионы атанды. Ардагер балуан ақтық сында түркиялық Мехмет Кенен Бектасты айқын басымдылықпен жеңді.

Қасенхан Серғазиев - грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. 58 жастағы балуан қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607