Жұма, 26 Сәуір 2024
2308 0 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 15:54

Шығыс Қазақстан облысында 18 мың 995 отбасы әлеуметтік көмек алады

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы негізінде, сондай ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нақты тапсырмалары бойынша әр өңірде халықты әлеуметтік қолдау қарқын алған. Соның бірі Даниал Ахметов тізгінін ұстаған Шығыс Қазақстан облысы.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 18 мың 995 отбасы әлеуметтік көмек алады. Бұл дегеніміз 91 мың 252 адам жәрдемақымен қамтылған деген сөз. Өңір басшысы Даниал Ахметов көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған сәйкес, бүгінде шығыс өңірде жәрдемақы алатындардың жалпы саны 91 мың 252 адам болған. Олардың 61% і, яғни, 55 мың 779 ы балалар. Ал, еңбекке қабілетсіз ересек адамдар саны 4 мың 298 болған. Яғни, 4,7 %. Оларға студенттер мен зейнеткерлер және мүгедек жандар жатады. Сонымен қатар, 7 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша, 13 мың 870 ана жәрдемақы алады. Олардың Заңнама негізінде белсенді шараларға қатыспауға да құқығы бар. Өңірде жалпы он төрт мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал, белсенді жұмыс қамту шараларына үш мыңнан астам адам тартылған. Олардың екі мыңнан астамы тұрақты жұмыс істесе, алты жүзге жуығы уақытша жұмыс орындарына орналастырылған.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс өңірінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары қарқын алған. Яғни, көпбалалы отбасылардың балаларының тегін мектеп формасымен қамтылуына, олардың баспаналық жағдайына,кәсіптік-техникалық колледждер мен балабақшаларда тегін орналасып, білім алуына қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Ал, өңір басшылығы алдағы төрт жылдың ішінде аймақтағы барлық аз қамтылған отбасыылар мен көпбалалы жанұялардың баспана мәселесі толығымен өз шешімін табатынын айтады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен қоғамдық комиссия отырысында мәлімдеген.

Айта кетейік, бұл өңірлік қоғамдық комиссия осы жылдың мамыр айында құрылған болатын. Аталған комиссияның құрамына мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, сонымен қатар көпбалалы аналар кірген.

Қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облысында үш бала тәрбиелеп отырған 26 мыңнан астам отбасы бар екен. Бұл отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешу  үшін өңірде үш деңгейлі арнайы бағдарлама қабылданған. Қазір өңірдегі барлық көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар ауылдық және қалалық деп екі топқа бөлінген.

Облыс жұртшылығының осы санатына баспана сатып алу мақсатында жеке кәсіпкерлер жұмылдырылған. Одан бөлек, өңірдегі “Парыз” қайырымдылық қорынан 558 миллион теңге көлемінде ақша бөлініпті.

Ал, аталған бағдарламаның екінші кезеңінде ауылдық жерлердегі баспана кезегінде тұрған жанұялар баспанамен қамтылмақ. Өңірлік сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан Құдияровтың сөзінше, 2019 жылы облыста мемлекеттік қор есебінен үй алуға көп балалы, аз қамтылған 1400 отбасы кезекте тұрған. Ал, екі айдың ішінде бұл көрсеткіш 1819 ғ өсті. Құдияровтың айтуынша, сол отбасылардың 368 і өз тұрғын үйлеріне қол жеткізген. Ал, осы жылдың соңына дейін қосымша 143 отбасы баспаналы болмақ. Демек, осы жылдың өзінде 511 аз қамтылған және көпбалалы отбасылар ө баспаналарына ие болады.

Ал, өңір басшысы Даниал Ахметов бұл жұмыстардың Өскемен мен Семейде қалай атқарылып жатқанына да назар аударды. Шаһар басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, осы жылдың соңына дейін облыста 90 ға жуық көпбалалы отбасы баспаналы болмақ. Ал, Семейде осы уақытқа дейін 67 отбасы өз баспанасына ие болды. Ал, осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш айтарлықтай өсетіні жоспарланып отыр.

Одан бөлек, өңір басшысы Даниал Ахметов “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша, көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысында төрт бөлмеден тұратын, ауданы 100 шаршы метр болатын, ұны 13,5 миллион теңге болатын, бір қабатты типтік жобаны іске асыруды ұсынған.

Аталған тұрғын үйлер “Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі” АҚ ұсынып отырған ипотекалық несие бағдарламасының шарты негізінде жылдығы екі пайызбен 20 жыл уақытқа берлімек. Аталған несиенің ең жоғарғы мөлшері 10 миллион теңге мөлшерінде болса, алғашқы жарна 10 % болмақ.

Бұл жайтқа қатысты Өскеменнің әкімі Жақсылық Омар қазіргі таңда көпбалалы отбасылар тек төрт бөлмелі пәтерді ғана емес, екі, үш бөлмелі пәтерлер алуға да келісетінін айтты.

Қазір бұл өңірдк 130 ға жуық жанұя жеңілдетілген несиелендіруге өтініш берген. Алайда, қырықтан астам отбасына түрлі жағдайлармен қарыз берілмейтін болған. Ал, олардың бір миллион теңгеге дейінгі жинақты жинай алмағандар үшін алғашқы жарна бюджеттік қаржы есебінен толықтырылмақ. Сондай-ақ, аймқ басшысының айтуынша, алғашқы жарнаға жетпеген ақшаны өңірдегі бизнес сектор өкілдері де ұсына алады.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

– Осылай қадам жасау арқылы біз алдағы төрт жылдың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойып отырған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын толығымен орындайтын боламыз. Тағы да қайталап атап өтемін, біздің облыста көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайларын шешуге барлық жағынан толық қолдау көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, “Бақытты отбасы” ипотекалық несиелік бағдарламасы бойынша, Семей, Өскемен, Аягөз, Курчатов, Шемонаиха, Риддер қалаларының тұрғындарына өз тұрғын үйлерін рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

«Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша Өскемен, Семей, Риддер, Шемонаиха, Аягөз, Курчатов қалаларының тұрғындарына өз баспаналарын рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Бүгінде Семей қаласында өңір басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен қолға алынып, жаңадан бой көтерген Қарағайлы дейтін шағын аудан бар. Қазір бұл ауданда жаңа баспаналар тұрғызылып, қаланың шеткі келбетіне көрік бере түсуде. Өңір басшысы Аметов Семейге әр сапарында осы ауданның келбетіне назар аударып келеді. Және, осы жердегі Абай Аренаның да құрылысы да облыс басшысының ерекше назарында. Ал, жуырда осы аудандағы 19 көп балалы отбасы пәтер кілтіне ие болды.

Көп балалы аналардың қуанышымен бөліскен Даниал Кенжетайұлы мемлекет қолдауымен толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар, тұрмыс жағдай төмен жанұялардың барлығы баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты.

-Отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін. Балаларыңыз аман есен болсын. Сіздер еліміздің гүлденуіне көп үлес қосқан қарапайым жансыздар. Бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз,-деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік аталған пәтерлер төлемақысы аз, қаражаты ай сайын төленетін үкімет тарапынан жалға берілген баспаналар.

Аbai.kz

0 пікір