Жұма, 29 Наурыз 2024
4363 0 пікір 8 Қазан, 2019 сағат 13:20

"Күй-Аманат" байқауы жарияланды

Сәрсенов Оразбек 1923 жылы 17 қазан күні ОҚО Арыс ауданындағы Байырқұм елді мекенінде дүниеге келген. Мектепте алғыр, өте зерек болып, 9  сыныпты 5 жылда тәмамдап шыққан. Кейін Түркістандағы колледжді педагог мамандығы бойынша аяқтап, Байсақал ауылындағы мектепке мұғалім болып орналасып, бір жылдан кейін мектептің директоры болып тағайындалады. Балалары ер жеткесін, олардың  болашағына алаңдаған Оразбек сауда жағына ауысып, өмірінің соңына дейін сол салада еңбек еткен.

Оразбек күйші 1969 жылы обыр ауруынан қайтыс болған. Сол жылы көктем кеш келіп,  жетінші мамыр күні таңертең балаларына: «Домбырамды беріңдерші», - деп өзінің «Қызылқұм» күйін шертіп: - Осы салалы саусақтар да бір күні топырақта шіриді-ау! -деген екен. Бұл сөздерді ешкім елемеген. 9 мамыр күні сағат 10 шамасында өмірді, балаларын қимай көз жұмады.

Оразбек «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат еді. Өзбекстанның бірінші арнасында аптасына  бір рет берілетін «Замандас» музыкалық бағдарламаға  1967 жылы арнайы шақырылып, өзінің 7 күйін жаздырып келді. Бағдарламаның жүргізушісі Мырсыдық Ұстабабаевтың айтқан тілектері жазылған. Оразбектің  күйлері мен өлендерінде мұңлы, өсиетке, жер мен елге деген сағыныш басым. Өмірінің қысқа болатынын сезгендей

Оразбек қайырымды, мейірімді, өте кең адам болған. Әсіресе, жетім-жесірлерге қол ұшын беріп, қолынан келген көмегін аямаған.

Күйшінің балалары да домбыра шертіп ән айтқанмен, өнер жолына түспеген. Көзі тірісінде  балаларына өлең жаттатып, домбыра тартқызып, өнерге баулыған. Оразбектің аңшылық өнері де болған. Ел әлі есін жимаған уақытта аңға кетіп, қоян, қырғауыл, түлкі атып, бүкіл елге таратады екен.

Оразбек - ұзын бойлы, ат жақты келген, абыройлы болған. Өзінің қысқа ғұмырында өнерімен,  жомарттығымен, адамгершілігімен жастарға үлгі болған күйші.

Жиделібайсын күй мектебінің өкілі, Оразбек күйшінің ұрпақтары әкелелерінің күй-аманатын насихаттау мақсатында еліміздегі күйшілер арасында байқау жариялайды.

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:

1. В контакте әлеуметтік желісіндегі Күлайна Оразбекқызының https://vk.com/id366513476 парақшасында Оразбек күйшінің жеті күйі берілген. Күйші міндетті түрде "Күлтір-Мамай" күйін және қалған алты күйдің біреуін өз талғамына қарай орындауы тиіс. Күйшілер байырғы құймақұлақ дәстүрімен, күйлерді есту арқылы алады.

2. Күйші өзінің аты-жөнін, қысқаша өмірбаянын жазып, күйлердің wafe немесе видео нұсқасын sarsenova.001@mail.ru почтасы мен Whatsapp  номеріне 10-шы желтоқсанға дейін жіберуі керек.

Байқау қорытындысын белгілі күйшілер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанғали Жүзбай, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, бірнеше күйшілер конкурсының лауреаты Мұрат Әбуғазы және "Жүсіп" күйінің авторы, Жүсіп Сәрсенұлының немересі Мәди Көшікбаев шығарады. Жеңімпаздарды 2019 жылы желтоқсанның 16-ы күні Күлайна Оразбекқызы фейсбук парақшасында жариялайды.

СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ:

БАС ЖҮЛДЕ: - 200 000 тг

І-орын: - 120 000 тг

ІІ-орын: - 80 000 тг

ІІІ-орын: - 50 000 тг

Күйдің МР3 нұсқасы қажет дейтіндер редакция алқасымен хабарласу керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544