Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5209 3 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 13:25

Түркістан облысының прокуроры Арыс халқын кіналап отыр

Бас Прокурор Ғ.Нұрдаулетовтың назарына!

Бүгін Түркістан облысы прокуратурасының басшысы Нұрғалым Әбдіровтың қабылдауында болдым! Арыс қаласы тұрғындарының жан айқайын жеткізуге кіргенім үшін өкінемін! Себебі прокурордың өзі халықты кінәлап отыр. "Үйлерді өздері бұзып тастаған"- деген сияқты жауап алдым.

Арыс халқының құқығы тапталып, дефектный актілері берілмей жатыр деген едім. Оны әкімдік шешеді, біз араласамаймыз деген жауап алдым!
Мен Әбдіров мырзадан облыстық прокуратурадан бір қызметкер беріңіз, облыстан комиссия құрып барайық деп ұсыныс айтқан болатынмын.
Жергілікті атқарушы билікке сенімсіздікпен қараған соң, Бас Прокурорға жазылғанымды да ескерттім.
Үйге келсем Арыс қаласының әкімдігінен звондап тұр. Облыс прокурор сізді әкімге тапсырды. "Комиссия құрайық үйлерді тексерейік"- деп!

Сұрақ Бас Прокурор Ғ.Нұрдаулетовке!
Облыс Прокуроры Әбдіров неге отыр?

Халықты кінәлау үшін бе? Әлде әкімдерге жіберу үшін бе? Әлде төтенше жағдай болғанға байланысты, Облыстық Прокуратура соңына дейін бақылап, тұрғындардың құқығын қорғау керек екенін ұмытып кетті ме?

Президент Қ.Тоқаев кеше ғана жолдаған жолдауында, "жергілікті атқарушы билікке халықпен жақын болыңдар! деген еді. Осы ма жақындығы?!

Президент Қ.Тоқаев! Президент жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшесі ретінде баяндаймын!

Арыс халқының төзімі бітті. "Халық көшеге шығамыз"-деген сайын, менің жүрегім аузыма тығылады. Оны бүгін Н.Әбдіровке де жеткіздім.

"Жоғары жақ шешеді, сәл шыдаңыздар"деп келем! Алайда кеше Шүкеев мырза құрылыс жұмыстары толық аяқталды дегеннен бері халық мазасыздануда!
Дабыл қағамын Ұлттық Қауіпсіздік комитеті К.Мәсімов мырза! Арыс қаласына көңіл бөліңіздер!

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3557