Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
5781 0 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 13:59

Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Израилдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды

Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", делінген хабарламада.

Ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Abai.kz

0 пікір