Жұма, 19 Сәуір 2024
Тарих 4850 9 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 11:20

Бұхадүрлерімізді текетірестірушілердің көздегені не?

Немесе Бөкенбай батыр Қараұлының жарқын тұлғасы Қанжығалы қарт Бөгембай батырға көлеңке түсірмейді

Қазақ гуманитарлық ғылымында гиперкритицизм тарихаттық бағыты кеңінен өрістей бастады. Батыста ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында өмірге келген бұл бағыттың негізін 1902 жылы «Рим тарихы» еңбегі бойынша әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған неміс тарихшысы, филолог-классик және заңгер Теодор Моммзен салып, Карл Юлиус Белох пен Этторе Пайс сынды ғалымдар дамытты. Олар алғаш рет бұлтыртпас дерек саналатын герек пен рим көне тарихи жазба мұраларына күмән келтіре білді. Әрі Аристотель, Гомер, Гередот т.б. тарихи тұлғалардың өмірде болмаған жандар екендігіне өз дәлелдерін келтірді.

Иә, бұл бағытта қалам тартып жүрген қандастарымыздың оңды істері бар, айды аспанға шығаратын әрекеттері де бар. Осы бағыттың ең оңды ісі атақты Бекежан батырды ақтап алуы болды. Шекті Бекежан Айбекұлы Төлегенді өлтірмеген керісінше ол қожа тұқымынан шыққан Кескен Теректің қолынан қаза тапқандығы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Жолдасов т.б. тарапынан дәлелденді. Және қазақ ескілігінің араб түбегіндегі көне іздері және Мұхамед пайғамбармен байланыстылығы бірінші рет жаңашыл тарихышылар тарапынан «Абай кз», «Ұлт кз» т.б. сайттарда сөз етіле бастады.

Қазақ гуманитарлық ғылымында гиперкритицизм тарихаттық бағытын дамытуда еліміздің Батыс өңірінің зиялылары өз ғылыми мектептерін қалыптастыра алды. Бұл даусыз шындық. Бірақ осы бағытта қалам тартып жүрген кейбір орыс тілді отандастарымыз бен қандастарымыз  ұлттық өркениетімізге қаяу түсіретін тарихи бұрмаулаушылық пен мифтік гипотезаларды қасқана қалың бұқара санасына сіңіру жолында тынымсыз еңбек етуге көшті. Бұған керсінше қазақ гуманитарлық ғылымында гиперкритицизм тарихаттық бағытына ұстанған адалжанды зерттеушілер «қазақ қала салмаған ұлт» деген жалған ресей ғылымындағы мифтің күлін көкке ұшырып, Дешті-қыпшақтың Өскеменнің орында – «Тас қала» немесе «Тас балық», Семейдің орында «Жеті шаһар// Доржынкент»,  Павлодардың орында «Орда» қалаларының болғандығын ежелгі орта ғасырлық Батыс карталары арқылы дәлелдеді. 

Қазақ егіншілігі өңірімізге кейін қоныстанған орыс қара шекпендерінен өзгешелігі өзен бойындағы (негізінен; Ертіс, Сыр және Әму аймағындағы) суарылмалы жүйеге негізделгені. Ұлтымыз негізінен тары өсіргенін археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр. Дәл бірде бір ұлт қазақ сияқты 2000 жыл үзбей соғысқан емес. Соның 300 жылы қазақ-жоңғар соғысына тиселі. Осы соғыстағы аттас батырлардың ерлік істері ұлттық жазба деректердің аздығынан көп жағдайда тарихи келеңсіздіктерге ұрындыратындығын жасырып жабуға болмайды.

Осының бәрін ескермей тарихи ауа жайылушылық, әрине ұлттық тарих ғылымы үшін қауіпті де, залалды. Өйткені, орыс тілді қазақ тарихының зерттеушілері көбіне қытай, араб, парсы және шағатай тілдерін білмегендіктен орыс және батыс деректеріне сүйенеді. 

Қанжығалы қарт Бөгембайдың ерлігі мен өмір жолына күмән келтіру 2009 жылдан бастау алды. Тарихта Қанжығалы Бөгенбай батырдың барын білеміз. Ал енді Табын Бөкенбай батыр туралы естіп пе едіңіз? деп Табын Бөкенбай батырдың ерлігі Қанжығалы Бөгенбайдың еншісіне жазылып кеткендігін алға тартушы тарихшылар легі өз ойларын жұрт талқысына сала бастады.

Ералы Тұрабаевтың дерегі бойынша қазақ тарихында 4 Бөкенбай, 2 Бөгенбай бар. Атап айтсақ:

Бөкенбай Бозқозұлы.       (8-ғасырдың басында өмір сүрген)
Бөкенбай Мергенұлы.      (1717-1758 ж.ө.с.)
Бөкенбай Қожекеұлы.      (1700-1759 ж.ө.с.)
Бөкенбай Қараұлы.             (т.ж.б.-1741 ж.қ.б.)
Бөгенбай Маянбайұлы.
Бөгенбай Ақшаұлы.            (1690-1745 ж.ө.с.)

Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің профессоры Табын Бөкенбай батыр Қараұлының ұрпағы Айсұлу Ахмадиқызы Тасимованың пікірі бойынша Әбілқайырдың бас батыры болған  Бөкенбай Қараұлының кейбір ерліктері Қанжығалы қарт Бөгенбай Ақшаұлына телініп кеткен. Айсұлу Ахмадиқызы бұл турасында: "Путаница делается специально в угоду чьим-то интересам, нивелируются достижения нашего предка вопреки всем известным источникам. Именно Бахадур батыр Бокенбай объединил весь казахский народ, чтобы дать окончательный отпор джунгарам", - дейді "Актобе-Таймс"-қа берген сұхбатында. 

Иә екі батырда Қарақұм, Бұланты маңындағы, Аңырақай шайқастарына қатысқан.  

Осы Бұланты маңындағы, Аңырақай шайқастары жөнінде классик жазушы, зерделі тарихшы Мұқтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінің 99-шы бетінде: «Егер Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса, Қазақ Ордасы осыдан жүз  жыл бұрын мүлде тозып, құрып біткен Ноғай ордасының кебін киері анық-ты. Тоқтау көрмеген жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен тоғысар еді. Сарыарқадан айрылған соң қазақтың барар жері, басар тауы қалмас еді. Хандық садаға, халқыңның өзі құрып кетер еді.

Қуатты Жоңғар тұмсығы тасқа тиіп бір мәртеге тоқырады. Бұланты мен Аңырақай шешуші шайқас емес-ті, бірақ алаш ұлының ғұмырын ұзартқан, оған ең қажет кезінде тыныс берген елеулі оқиға болды» – деп жазған болатын. Бұл шайқастардағы қос батырдың ерлігін ұрпақтары ешқашан ұмытпайды.  Тек тарихи сана мен жадыға жершілдікпен сына қағылмаса екен.

Бар айырмашылық Бөгенбай Ақшаұлы тек көбіне Кіші жүзсіз тек Орта жүз бен Ұлы жүз қатысқан қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсетсе, Табын Бөкенбай батыр Қараұлы Кіші жүз қатысқан барлық соғыстарда алғы шепте болған. XVIII ғасырдың басында башұрттар көшіп қонып жүрген қазіргі Ақтөбенің солтүстігіндегі жерлерді азат еткен. Орал, Атырау мен Маңғыстауды қалмақтар мен түркімен тең бөле иеленіп алған болатын. Осы өңірлерді жат жұрттан қайырып алуда зор ерлік көрсеткен. 

Қос батырды бетперде етуші зерттеушілердің бірі Қазақстан ҒА тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Ирина Ерофеева: "Богенбай-батыров было трое, но в исторической науке произошел интересный парадокс: во многих энциклопедиях - старых и новых - персональные биографии всех их "слили" в биографию одного батыра Богенбая из рода канжигалы племени аргын. А это совершенно разные люди с небольшой разницей в возрасте: Бокенбай-батыр Караулы из рода табын; Бокенбай Буркуткаулы (или Байкурткаулы) из рода шакшак племени аргын; еще один Богембай Акшиулы из рода канжигалы племени аргын. Именем одного из них названа улица в Алматы". 

Ерофееваның сөзіне серер болсақ: «...ряд историков из-за недостаточного знания письменных источников считают, что Канжигалы-карт Богембай прославился главным образом в казахско-джунгарской войне 1723-1730 годов. Хотя на самом деле взлет его популярности среди казахов приходится на более позднее время - на 40-50-е годы XVIII века. Из-за этого знаменитую речь на Каракумском курултае в 1710 году, когда было принято первое решение оказывать сообща отпор неприятелю, приписывают ему, хотя ее произносил якобы Бокенбай-батыр из рода табын. 

В предании казахов совершенно определенно идет речь о пожилом человеке, старейшине Бокенбае с седыми волосами и седой бородой, а Канжигалы-карт Богембаю тогда было только 19-20 лет, и старейшиной рода он, естественно, в то время никак быть не мог!" – дегенді алға тартады.

1680 жылы өмірге келген Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы ол кезде орда бұзар отыз жаста болатын. Сонда кімге сенеміз. 

"Ак-Орда. История Казахского ханства", "Казахи и Россия", "Казахи. Путь предков" кітаптарының авторы тарихшы Радик Темиргалиев: «Батыра Бокенбая из рода табын, союза жетыру, казахстанские историки очень часто путают с батыром Богембаем из рода канжигалы. В некоторых работах, оба персонажа сливаются в одного человека, который отличался необычайным долгожительством и отменной физической формой, позволявшей ему на протяжении шестидесяти лет принимать активное участие в сражениях» дейді.

Биыл арамыздан мәңгіге кеткен марқұм журналист Муапих Талиұлы Баранкулов осы жайында: 

«Так случилось, что долгое время заслуги батыра Бокенбая Караулы из рода табын по ошибке, а возможно, сознательно приписывались другому батыру из рода аргын Богенбаю Канжигали. Но справедливость восторжествовала. Ученым удалось доказать, что именно табынский батыр был одним из активных организаторов борьбы с иноземными завоевателями в начале ХVIII века до сороковых годов того столетия.

В 1710 году, на курултае казахов в Каракумах, именно выступление Бокенбая положило конец нескончаемым спорам – воевать против жунгар или оставить родные земли. Его пламенная речь побудила казахов взять в руки оружие и встать на защиту своей Родины: «Отомстим врагам нашим или умрем с оружием, не будем слабыми наблюдателями разграбленных кочевий и плененных детей. Робели ли когда воины кипчакских равнин!?..» деп жазады.

Тарихшы Радик Темиргалиев: «Батыр Богембай (вар. – Богенбай) из рода канжигалы, племени аргын является, пожалуй, самым известным батыром времен казахско-джунгарских войн в героическом эпосе и произведениях жырау. В то же время, в письменных источниках он упоминается гораздо реже, что, прежде всего, связано было с его общественным положением. В отличие от других знаменитых батыров, он особой власти не имел и не принимал участия в управлении своим родом. К примеру, в переговорах с российскими властями род канжигалы представляли совсем другие персоны»,-деп ақиқатты ашып жазады.

Осы зереттеуші «Богембай являлся классическим жеке батыром (батыром-одиночкой). В молодости он проявил себя как лихой конокрад, о чем впоследствии ему напоминал Бухар-жырау» деп шынайы пікірді жайып салады. Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы ешқашан өз руы атынан сөйлеген емес. Оны Қарқұм құрылтайында сөйлетушілер тарихи білместікке барып отыр. 

Бар ақиқат ашылуы үшін Әбіш Кекілбаевтің «Үркер» романының 117-119 беттеріндегі үзінділерге жүгінейік:

«Ол жылғы жиын Ханабадта емес, Қарақұмда өтетін болыпты. Онысы бас көтерерлері жиынға кеткенде арттағы ел көзсіз қалмасын дегендері болар. Үш жүздің өрісіне бірдей тең орта, шынында да Қарақұм еді.

 ...Үш ұлыстың еркек кіндігі, тайлы-таяғы қалмай түгел жиылды. Хан Тәукені ортаға алып мәжіліс басталды... Әліптің артын баққан Әбілқайыр оқтын-оқтын Бөкенбай жаққа көз тастап қояды. Тас толтырған қара қанардай орнықты Бөкенбайдың қылп ететін түрі көрінбейді. Күміс бунақ көк ала дойырды оң тізесіне қадай шаншып, сөйлегендерді қалт жібермей қадағалап отыр. Еңгезердей төртбақ денесінің еш жерінен қимыл-қыбыр байқалмайды...

...Қазір Бөкенбай сөз сұрамақ.

...— Жамағат! — деді қажыңқы дауыспен жайбарақат тіл қатып. Жұрт құлағы елең ете түсті...

— Менің айтарым — деді Бөкенбай. — Бұдан былай әрі ырғалып, бері ырғалатын уақыт жоқ. Өз басым осы ата қоныста мола болып қаламын. Бірақ тірлігімде күн шығыстан босып келе жатқан қазақты көрсем де, мейманасы асып, бөсіп келе жатқан ойратты көрсем де, қанжарым сынғанша қарнап, найзам сынғанша шаншып бағам, — деп ашуға тұншықты да қолын бір сілтеп отыра кетті. Жұрт тым-тырыс...»

Ал, Бөгенбай батыр Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде сайланды (Бөгенбай батыр Уикипедия). Кей бір тарихышыларымыз оны сөйлетіп қояды. Тарихи даудың басы тек осы ғана. Бір кездегі Біржан мен Сара айтысты немесе айтыспады деген сияқты Бөкенбай батыр Қараұлымен шатыстырып алған. 

Осы  Уикипедия  мақала жазушылар жүрісінен жаңылып, «Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлегін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", - деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды»,-деп қате пікірді айтады. 

Ал Бөгембай бас қолбасшы болып, араға 16 жыл салып,  тек 1726 жылы 46 жасында Ордабасыда сайланады. 

Әбілқайыр хан және оның бас батыры Бөкенбай батыр Қараұлы төрт бағытта ноғай, қалмақ, башқұрт және түркімендермен үзбей соғысып көп тәжірибе жинаған жандар болатын. 1710 жылы шығыстағы қазақ жеңісі үшін өз қол ұшын бергенімен. Кейінгі шайқастарға жөнді қатыса алмағаны батыстағы ел тұтастығын сақтаудан туындады. Осындай Кіші жүздің ешбір алаш жұртының қолдауынсыз жалғыз өзі төрт бағытта бірдей соғысуы орыспен уақытша мәмілеге келуге мәжбүр етті. Одан бодан болуға тырысушылықты іздеушілік тарихи адасушылық. 

Түйін 

Сонда орыс тілді тарихшылардың кейбірінің зымиян пікірі орыс еліне бодан болуды аңсаған батырды бүкіл қазақ пір тұтқан батырлардың ішінен Бөкенбай батыр Қараұлы арқылы іздеп табу екен. "Актобе-Таймс" басылымының т.б. ресейшіл басылымдардың қазақ оқығандарының аузына сөз салып, тарихи жадыны бөлшектеудегі, милети жадыны қаққа бөлудегі көздеген мақсаттары Еліміздің азаттығы мен жерінің тұтастығы үшін ғұмырларын сарп етіп, өмірлері ат үстінде өткен қос батырдың аяулы бейнелеріне ұлт тарапынан сызат түсірушіліктерінен аңғарылады. 

Білместікпен екі батырдың есімін шатысыру екі бірдей тарихи концепцияны ұстанушылардың бітіспес жақтаушыларын қалыптастырды. Біріншісі –  Бөкенбай батыр Қараұлы 1710 және 1726 жылдары қазақ біріккен әскерінің қолбасшысы болған. Екіншісі – Қанжығалы қарт Бөгембай батыр 1710 және 1726 жылдары қазақ біріккен әскерінің қолбасшысы болған. Соңғысы ресми тарих ғылымында мойындалып отыр. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиеваның «Бұл жерде Қанжығалы Бөгенбай батырдың қазақ елінің азаттығы, жерінің тұтастығын сақтаудағы ерлік өмірі ұрпақтан ұрпаққа батырлықтың символындай болғанына еш күмән жоқ. Алайда әр тұлғаның тарихтағы өзіндік үлесі мен ісіне ақиқат турасынан баға берілуі тиіс» деген пікірі орынды.

Бірақ тарих саласындағы соңғы зерттеулер екі батырдың да кезектесіп, қазақ біріккен әскерінің қолбасшысы болғандығын ғылыми айналысқа түсірді. Осылайша Бөкенбай батыр Қараұлының жарқын тұлғасы Қанжығалы қарт Бөгембай батырға көлеңке түсірмей тарихи әділеттілікпен ұлтына оралды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

9 пікір