Жексенбі, 26 Мамыр 2024
4010 1 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 15:18

"Полицияға бағынбаған" белсенді Болат Смағұлов 4 күнге қамалды

Алматы қалалық мамандандандырылған ауданаралық әкімшілік соты алматылық белсенді Болат Смағұловты төрт тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Оған Әкімшілік кодекстің 667-бап 1-тармағы бойынша ("Полиция талабына бағынбау") айып тағылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 21 қыркүйек күні "рұқсат етілмеген митинг кезінде" арнайы жасаққа қарсылық көрсеткен. Ал айыпталушы "митингіде емес, жұмысқа бара жатқан кезде арнайы жасақ алып кетті" деп санайды. Істі судья Бақыт Еділова қарады.

Алматылық белсенді Қанат Жақыпов Facebook-тағы парақшасында Болат Смағұловты 26 қыркүйекте полиция Алмалы аудандық полиция басқармасына әкеткенін жазған.

21 қыркүйекте полиция Қазақстан тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы белгілеген "митингі орындарында" ресми дерек бойынша шамамен 100 адамды ұстаған. "Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан" адамдардың көбі бірнеше сағаттан соң босатылған. Оннан астам адам әкімшілік жазаға тартылған. Оқиға кезінде полицияның бейбіт шерушілерге күш қолданғаны хабарланған.

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси реформа жасауға шақырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2347
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2690
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2941
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1771