Жұма, 29 Наурыз 2024
4681 4 пікір 27 Қыркүйек, 2019 сағат 14:07

Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы мәліметті растады.

«Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаймыз, қазір ол уақытша қамау изоляторында. Қазір қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айып тағылғанын қарастырып жатырмыз», - деді Олжас Бектенов.

Бектенов тергеу жұмыстарының құпиялылығына байланысты өзге ақпаратты тарата алмайтынын айтыпты.

«Өздеріңіз білесіздер, тергеу құпиялығы деген ұғым бар, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары бар. Қандай да бір ақпарат шыққан уақытта БАҚ өкілдеріне хабарландырамыз. Бабы әзірше белгісіз», - деді ол.

Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы 1962 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Құйбышев ауылында көп балалы шаруа отбасында дүниеге келген.

1979-1983 жылдары бокстан оқытушы-тренер мамандығы бойынша Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі Институтытында жоғары білім алады.

2000-2002 жылдары экономист-менеджер мамандығы бойынша Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде екінші жоғары білім алады.

Алғаш еңбек жолын 1983-1984 жылдар  аралығында Талдықорған жасөспірімдер спорт мектебінде (ДЮСШ) бокс жаттықтырушысы қызметінде бастады.

1999-2001 жылдары Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары;

2001 жылы Алматы облысы Көксу ауданының әкімі;

2001-2004 жылдары Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі;

2004-2005 жылдары Қазақ тұтынушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары;

2005-2008 жылдары «Айсер» ЖШС директорының кеңесшісі;

2008 жылы Алматы қаласының жаңа Алатау ауданының құрылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін Манізоров Бағдат Сайланбайұлы аудан әкімі болып тағайындалды.

Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан бері Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметінде болды.

Бағдат Мәнізоров облыс әкімінің орынбасары қызметіне осыдан екі ай бұрын ғана, 12-шілдеде тағайындалған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610