Жексенбі, 24 Қаңтар 2021
1049 0 пікір 26 Қыркүйек, 2019 сағат 11:07

Мемлекет басшысы "Eurasia Group" компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті

Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.

Тараптар кездесу барысында  өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір