Жұма, 29 Наурыз 2024
3440 7 пікір 25 Қыркүйек, 2019 сағат 12:02

АҚШ Польшаға қосымша әскер жібереді

АҚШ Польшаға қосымша бір мың сарбаз жіберетін болды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 23 қыркүйекте Нью-Йоркте Польша президенті Анджей Дудамен кездескен кезде мәлімдеді.

Екі елдің президенттері қол қойған қорғаныс саласындағы әріптестікті кеңейту туралы декларацияға сәйкес, АҚШ Польшаға бұрынғыға қосымша тағы бір мың сарбазын жібереді. Трамптың сөзінше, америкалық Еуропадағы басқа елдердегі АҚШ әскери базаларынан баруы мүмкін. Польша оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді өз міндетіне алған. Бірақ жаңа әскери база салынбайды деп хабарланды. Бұған дейін Дуда Польшада әскери база ашу және оны "Трамп форты" деп атау туралы ұсыныс жасаған.

Қазір Польшада төрт мыңға жуық АҚШ сарбазы бар. АҚШ-тың Польшадағы әскер санын көбейтуі Ресей тарапынан төнетін қауіпке байланысты ма деген сұраққа Трамп "жоқ" деп жауап берген.

Бұл күндері Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы өтіп жатыр. АҚШ президенті осы жиынға келген бірқатар шетелдік мемлекет басшыларымен кездескен.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616