Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3602 0 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 13:32

Қызылордалық ғалымдардың еңбегімен әлемнің көптеген ғалымдары таныса алады

Батыс баспасөзінде қызылордалық ұстаздардың мақалалары жарық көрді. Нақтырақ айтсақ, беделді америкалық «PSYCHOLOGY AND EDUCATION» журналының жазғы нөмірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты Б.Ж.Паридинованың еңбегі шыққан.
Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.М.Майгельдиева және Қызылорда «Болашақ» университенің профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө.Насимовтың «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамыту: негізгі түсініктері, мәні және мәселелері» атты мақалалары жарық көрді.
Берілген зерттеу жұмысында болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамытудың негізгі түсініктері, мәні мен мәселелері қарастырылған. Осы мәселеге қатысты шетелдік ғалымдар мен ойшылдардың кейбір тұжырымдамалық идеялары сарапталды. Қазіргі қоғамдағы болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамытудың рөлі дәйектелді.
«PSYCHOLOGY AND EDUCATION» - психология мен білім берудің жалпы салалары бойынша іргелі зерттеулер, теориялары, әдістері мен тәжірибелеріне арналған рецензияланатын журнал болып табылады. Журнал 1963 жылдан бастап жарық көреді.
Журнал тек Скопус базасында индекстеліп қана қоймай,  PsycINFO, American Psychological Association (APA), Sage Publications және psychologyandeducation.net базаларында индекстеледі. Бұл берілген материалмен әлемнің көптеген ғалымдары таныса алады деген сөз. Журнал жылына өз беттеріндегі жарияланымдарды 27 мақаладан асырмайды. Баспагерлердің біздің ғалымдардың еңбегін таңдауы Сыр ғалымдарының үлкен жетістігі деп түсінеміз.
Журналдағы берілген жарияланым соңғы 10 жылдағы қазақстандық авторлардың бірінші мақаласы екендігін айта кеткеніміз жөн. Зерттеу Б.Ж. Паридинованың «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын тұлғалық-бағдарлық оқыту арқылы дамыту» докторлық диссертациясы шеңберінде жүргізілді.
Abai.kz
0 пікір