Жұма, 19 Сәуір 2024
2961 0 пікір 24 Қыркүйек, 2019 сағат 12:22

Көпбалалы аналарға арналған «Жәрдем» бағдарламасы жүзеге асып жатыр

Қазақстан билігінің қазіргі ұстанған жолы елдегі көмекке мұқтаж көпбалалы аналарға барынша жағдай жасау болып отыр. Бұл жайлы көптен бері айтылып келеді. Сонау жыл басында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырма бергеннен бері елде көпбалалы аналарға көрсетілген көмек аз емес. 

Біз бұл жерде биыл 27 ақпан Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі туралы айтып отырмыз. Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл съезд Қазақстандағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналардың қуанышына қанат бітірген еді. Ол жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы аналарға жағдай жасау мақсатында қолға алынған көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын бұрынғыдан әлдеқайда жоғарлатуды тапсырды. Ол бойынша, көп баласы бар отбасыларды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақстанда 500 миллиард теңге бөлініп отыр, енді көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңге төленуі керек. Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуы үшін де мемлекеттік бағдарламалар қабылдауды тапсырды.

Екінші мәселе, көпбалалы анараға ақшалай көмек берумен қатар, олардың жеке шаруашылықпен айналысуына мүмкіндік жасаудың да маңызы зор. Бір реттік әлеуметтік көмекке қарағанда, бір өмір азық болатын өнер немесе білім алған көпбалалы аналардың өзіне пайдалы. Олар осы мүмкіндігінен пайдаланып, өздерінің жеке жұмысын жандандырып, кәсіп жаратып, кірісін арттыратын болады. Бұл туралы бас партияның орырнбасары Бауыржан Байбек айтқан болатын.

«Біздің негізгі мақсатымыз – халыққа балық емес, қармақ беру. Бір күні жеп тастайсың бәрібір бітеді. Өз адал еңбегімен көп адамдар жұмыс істеп жатыр», - деген еді Бауыржан Байбек.

Дәл осы "балық бермей, қармақ беру" ұстанымына сай мемлекет тарапынан көпбалалы аналарды қолдауға арналған ірі бағдарламалар ашылып жатыр. Мәселен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығын айтуға болады. Дәл осы ұйым көптен бері көмекке мұқтаж аналарға қол үшін созып келеді.

Аталған қауымдастықтың президенті Раушан Сәрсембаева еліміздегі көпбалалы және аз қамтылған аналарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар туралы ойын айтты.

Раушан Сәрсембаеваның пікірінше, қауымдастық аясында елдегі көпбалалы аналарға арналған «Жәрдем» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Өкініштісі көпбалалы аналар бұл бағдарламаға қатысуға қатты белсенділік танытпай отыр екен.

«Біз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытамыз: аспаз, наубайшы, сұлулық маманы, тігінші. Алматыда «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 120 орын ұсындық, онда біз әйелдерді оқытып, сол жерде жұмысқа орналастырдық. Өкінішке қарай, бізде оқығысы келетін адамдардың тізімі жоқ. Көпбалалы аналардың өздері әртүрлі сылтау айтады. Бірінің балаларын тастайтын жері болмаса, енді бірі уақытының жоқтығын алға тартады. Біз Нұр-Сұлтанда екі аспаз және екі тігіншіні дайындап оқыттық. Біз оларға өз ісімен айналысу үшін бәсекеге қабілетті орындарда үйреніп, кейін сол жерде жұмыс істеуге жағдай жасадық. Тігінші мамандығы бойынша оқығысы келетін 16 адам тіркелді. Оның 8 расталды, оқуға 2 адам келді. Бизнесті үйретуге дайынбыз, біз оларды тегін оқытып, тұрақты жұмысқа орналастыруға әзірміз. Бізге тек Алматыдан ғана қауымдастық мүшелерінен 120 орын қажет, бірақ олар қызығушылық танытып отырған жоқ», - деді Сәрсембаева.

Раушан Сәрсембаева еліміздегі отбасыларға беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмек жайлы да сөз қозғады. Оның айынша, бұл әлеуметтік атаулы көмек отбасы мүшелерінің ортақ табысына байланысты төленіп отырғандықтан, кейбір адамдардың ұстанымына әсер етіп жатыр. Оларда ақыры мемлекет көмек береді екен, ендеше несін жұмыс істеп қиналамыз деген жарамсыз көңіл-күй қалыптасқан. Кейбіреулер үшін жұмыс істемей-ақ жәрдемақыға иек сүйеп отырған ыңғайлы болып отыр.

«Көпбалалы аналар АӘК алуға дайын, бірақ бұл отбасының табысына байланысты. Әйелдер жұмыс істеген жерінен кетеді, өйткені егер әйел бір жерде жұмыс істеп, төрт балаға 90 мың алса, АӘК одан көбірек. Сондықтан олар үйде отырғанды жөн көреді. Олар күйеуінің табысын жасыру үшін ажырасуға дейін барады. АӘК-нің табысқа байлануы біз көріп отырған жағымсыз жайттарға алып келді. Әйел жұмыс істегісі келетін шығар, бірақ оған АӘК алу тиімді. Біріншіден, мемлекеттік құрылымдарға АӘК-ті отбасы табысымен байланыстыруды алып тастау қажет. Біз адамдарды оқытып, жұмысқа тұрғыза алмай отырмыз. Олар атаулы әлеуметтік көмектен қағыламыз деп қорқады», - дейді Раушан Сәрсембаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде аталған әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж жандар емес, кейбір амалын тапқан пысықтар да алып жатқаны айтылған. Осыған байланысыты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев та айтқан еді. Сапарбаев еліміздегі көпбалалы аналармен өткен кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмекті елдегі шын мұқтаж жандар алуы керек екенін нақтылап айтқан еді.

Осы сөзіміздің дәлелі ретінде айтсақ, қазіргі таңда Алматыда 1300-ден астам көпбалалы отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылған. Бұған дейін оларға ай сайын 83 миллион теңге дұрыс төленбей келгені белгілі болды

Abai.kz

0 пікір