Жұма, 19 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6409 9 пікір 24 Қыркүйек, 2019 сағат 11:41

Дүниежүзілік тазалық күні: Қазақстан «ғаламшарды толық тазалау» іс-шарасына қосылды

«Ғаламшарды толық тазалау» — ұйымдастырушылар демалыс күндері өткен  Дүниежүзілік тазалық күнін осылай атайды.  Іс-шара 21 қыркүйек күні қатарынан 11 жыл бойы өткізіліп келеді.

2008 жылы эстониялықтар бастаған науқанға биыл Қазақстанды қоса алғанда, шамамен 160 ел қатысуда. Сенбінің таңы атысымен қазақстандық қалалар көшелеріне экологиялық жағдайға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамдар, сондай-ақ ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері шықты.

Мысалы, Алматыда «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясының 100-ден астам қызметкерлері мен отбасы мүшелері дүниежүзілік  науқанға қатысып, Бутаковка шатқалының аумағын қоқыстан тазалады. Тұрмыстық қалдықтар, құрылыс және басқа да қоқыстар қаптарға жиналып, утилизацияға тасып шығарылды, ал пластик бөтелкелер мен шыны ыдыстар қайта өңдеуге тапсырылды. Нәтижесінде, компания еріктілері Бутаковка шатқалы аумағында бірнеше сағат ішінде қоқыс жинап,  30 Тянь-Шань шыршасын отырғызды.

«Бутаковка шатқалы Алматы маңындағы адамдар ең жиі баратын табиғи объектілердің бірі болып табылады және бірегей таулы аймақты таза ұстау – бұл әрбір қала тұрғынының міндеті.  «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясы өндірісте де, зауыттан тыс жерде де қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөледі. Осындай әрбір кішкентай қадам біздің қоқыстан таза ел болу деген мақсатымызға біртабан жақын етеді», - атап өттіСтанислав Боровицкий, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басқарушысы.

Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықтың барынша назарын қоршаған ортаны қалдықтармен ластау мәселесіне, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтына, дербес экологиялық ізді азайтуға және тұрақты дамуға аудару.

Биыл науқан 2019 жылдың 20 шілдесінде Қоянды су қоймасында басталған #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық қозғалысы аясында өткізілді.

Abai.kz

9 пікір