Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2783 0 пікір 24 Қыркүйек, 2019 сағат 11:03

Шиеліде тауарлы сүт фермасы салынуда

Қызылорда облысының Шиелі ауданында 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы салынып жатыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сонымен қатар 20 гектарды аумақты құрайтын кешеннің жанынан сүт өңдеу зауытын ашу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта аталған кәсіпорын жұмысын бастағанда тәулігіне 24 тонна дайын өнім шығаруы тиіс. Жобаның жалпы құны 2,5 миллард теңгені құрайды.

- Өздеріңіз білесіздер Елбасының алдағы 5 жылдың көлемінде біздің ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру жөнінде тапсырмасына сәйкес қайта өңдеуге үлкен бетбұрыстар жасалып жатыр. Шиелі ауданында қазір 3 шағын сүт өңдеу цехтары жұмыс істейді. Қазір сүт өнімдерін өңдеп жатырмыз. Бұл әрі қарай жалғасын табатын болады, - дейді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы.

Іргелі кәсіпорын іске қосылғанда қосымша жаңадан жұмыс орындары ашылып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513