Жұма, 19 Сәуір 2024
2884 19 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 15:06

Бес әлеуметтік бастама бағдарламасы аясында Білім министрлігіне ұсыныстар жолданды

Мемлекеттік органдар халықтың қажеттіліктерін және олардың мәселелерін анықтау бойынша “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі 2019 жылдың 15 тамызында Петропавлда, 22 тамызда Ақтөбеде және 23 тамызда Қызылордада фокус топ отырыстарын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — бес әлеуметтік бастама бағдарламасы аясында қызмет жеткізушілер мен провайдерлерінің субъективті қабылдауын зерттеу; бағдарламаны іске асыруды бағалау; бес әлеуметтік бастама бағдарламаларын іске асырудың негізгі мәселелері бойынша қатысушыларының пікірлерін зерттеу және зерделеу.
Фокус-топтың талқылауы барысында бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бойынша
Солтүстік Қазақстан облысында:
- Көбірек жатақхана салу
- Облыс (қала) кәсіпорындары үшін мамандықтардың қажеттіліктеріне тұрақты зерттеулер жүргізу.
- Зерттеу нәтижелеріне сәйкес мамандықтар бойынша гранттар тақырыбын қалыптастыру.
- Аймаққа байланысты гранттық бағдарламаны әзірлеу.
- Мектептерде кәсіби білім беру бойынша сабақтар енгізу.

Ақтөбе облысында:
- Түсу емтихандарын жеңілдету.
- Оқу ақысын төмендету
- Қажетті жұмысшы мамандықтарына грантты көбірек бөлу.
- Жатақханалардың бағасы студентердің алатын шәкіртақысының 20 пайыз көлемінде болса.
Қызылорда облысында:
- Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы Қорқыт университетінің жағдайы өте нашар деңгейде соны жаңартса немесе жөндеу жұмыстарын жүргізсе.
- Студенттердің шәкіртақысын өмір сүруге жететіндей дәрежеге көтерсе немесе қосымша жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалса.
- Оқу ақысын төмендетсе деген ұсыныстар түсті.

Айта кетейік, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының “Бес әлеуметтік бастама бойынша “Азаматтық бақылау” қоғамдық мониторингі” тақырыбымен мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Іс-шара осы аталған грант аясында өткізілді.

Abai.kz

19 пікір