Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6215 15 пікір 23 Қыркүйек, 2019 сағат 14:59

Айсұлтан Назарбаевқа 18 қазанда үкім шығады

Экс-президенттің жиені Айсұлтан Назарбаев Ұлыбритания астанасында сот шешімін күтуде. Бұл туралы «exclusive.kz» сайты жазады.

Оны маусым айында Лондон полициясы бұзақылық жасады деп айыптаған болатын.

Британ сайтының хабарлауынша, 5 маусымда Лондон орталығындағы Ковент-Гардендегі бейтаныс пәтерде ұсталған 29 жастағы Айсұлтан Назарбаев полиция офицері Росс Самбруктың қолын тістеп алған. Сазарк ауданының корольдік соты офицердің қолында қанды із қалды, деп шағымданған.

Прокурор Грегор МакКинлидің айтуынша, Назарбаев Лондонның Тависток көшесіндегі пәтерде ұсталған. «Полициямен төбелес болды, бір полиция қызметкері ауыр жарақат алды» деді ол. МакКинлидің айтуынша, полиция Оны пәтер тонаушы деп ойлап қалған.

Прокурордың айтуынша, Қазақстанның ресми құрылымдары Лондон полициясына «А. Назарбаевты жер аудару туралы» өтініш жасаған.

Айсұлтан Назарбаевтың адвокаты Алисдаир Уильямсонның сөзіне қарағанда, Қазақстан үкіметі тергеумен бірге жұмыс істейді және британдық билік Назарбаевтың паспортын тартып алғаннан кейін оған жаңасын бермейді.

«Бұл түсініксіз жағдай. Полиция келгенде, сотталушы пәтерде болды. Пәтерден ештеңе ұрланбады, бірақ  пәтерде шамамен бес мың фунт көлеміндегі аз шығын болды,- дейді Уильямсон.

Бұл - есірткіге байланысты шығын болуы мүмкін дейді сот өкілдері.

«Менің ойымша, бұл жағдай есірткіге байланысты деп айтуға толық негіз бар. Айыпталушының жағдайы өте ауыр болды. Оның А санатындағы есірткіні қолдануына байланысты айыпталушыларда үлкен проблемалар туындайды», - депті судья.

Ал, Лондондық судья Мартин Беддой 29 жастағы Айсұлтан Назарбаевты кепілдікке босатудан бас тартып, оны Приори ауруханасына нашақорлықпен емдеу үшін орналастыруға шешім қабылдады.

Басылымның хабарлауынша, Айсұлтан Назарбаев шабуылға кінәлі екенін мойындады. Және ол адам денсаулығына зардабын тигізіп, басқа адамдардың мүлкіне зиян келтірді.

Ал, оның келесі сот отырысына 18 қазан күні болады

Айта кетейік, 4 шілдеде Лондонның Сазарк корольдік сотында 28 жастағы Айсұлтан Назарбаевтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау болатыны белгілі болды. Ол есірткі қолданып,соның әсерінен полицияны ұрғаны үшін айыпталды.

ҚР Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның ұлы сот залында арнайы бөлмеде күзетшімен бірге отырды. Ол сот барысында ешқандай пікір білдірмеген.

Abai.kz

15 пікір