Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6525 0 пікір 30 Шілде, 2011 сағат 10:45

Фариза БАЙЕЛІ. Мен бір жанға ғана ғашықпын...

«Жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, тым сезімталдық» бұл ақындарға берілетін анықтама. Бүгінде ақындардың жас буыны қатайып өсіп келе жатыр. Алдыңғы қатардағы ақын Ақберен Елгезек көптің көңіліндегісін дөп айтады. Дұрысы, берген  сұхбатына көз салыңыз...
1. Сіздің  жүрегіңіз кімге арналады?
Ақберен Елгезек:Қай мағынада сұрап отырсыз? Егер ер мен әйел арасындағы қатым-қатынасты меңзесеңіз, айта алмаймын оны. Жеке құпиям ол. Ал, жалпы сұрасаңыз, жүрегім қазаққа арналады деп айтсам, пафосты түрде айтты деп есептемеңіз. Мен бар жүйке-жүрегіммен Алаш жұртын сүйемін!

2. Жан дерттеріңізді қалай емдейсіз?
Ақберен Елгезек:Тәңірден көмек сұраймын. Көп жағдайда, дертіме дәрумен ретінде, Тәңір тарапынан бұйраланған өлең шумақтары беріледі.

3. Музаңыз кім?
Ақберен Елгезек:Ол тіршілік иесі тылсым әлемдерде...Әзірге көзбен көргем жоқ, бірақ түйсігіммен сеземін кім екенін...

4. Бірде, қабырғасы мығым шығарма жазбақпын деген едіңіз, оның шаруасы не болып жатыр?
Ақберен Елгезек:Қабырғасы мығым дейсіз бе? Ол кез келген қаламгердің арманы ғой. Болашақта жазылып қалар.  Қазір соған дайындық үстінде жүрмін.

«Жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, тым сезімталдық» бұл ақындарға берілетін анықтама. Бүгінде ақындардың жас буыны қатайып өсіп келе жатыр. Алдыңғы қатардағы ақын Ақберен Елгезек көптің көңіліндегісін дөп айтады. Дұрысы, берген  сұхбатына көз салыңыз...
1. Сіздің  жүрегіңіз кімге арналады?
Ақберен Елгезек:Қай мағынада сұрап отырсыз? Егер ер мен әйел арасындағы қатым-қатынасты меңзесеңіз, айта алмаймын оны. Жеке құпиям ол. Ал, жалпы сұрасаңыз, жүрегім қазаққа арналады деп айтсам, пафосты түрде айтты деп есептемеңіз. Мен бар жүйке-жүрегіммен Алаш жұртын сүйемін!

2. Жан дерттеріңізді қалай емдейсіз?
Ақберен Елгезек:Тәңірден көмек сұраймын. Көп жағдайда, дертіме дәрумен ретінде, Тәңір тарапынан бұйраланған өлең шумақтары беріледі.

3. Музаңыз кім?
Ақберен Елгезек:Ол тіршілік иесі тылсым әлемдерде...Әзірге көзбен көргем жоқ, бірақ түйсігіммен сеземін кім екенін...

4. Бірде, қабырғасы мығым шығарма жазбақпын деген едіңіз, оның шаруасы не болып жатыр?
Ақберен Елгезек:Қабырғасы мығым дейсіз бе? Ол кез келген қаламгердің арманы ғой. Болашақта жазылып қалар.  Қазір соған дайындық үстінде жүрмін.

5. Шығармашылық таланттың толық ашылуына білім мен өмірлік тәжірибе жетіспейді деп жауап қатыпсыз, біліміңізді қалай толықтырып жатырсыз?
Ақберен Елгезек:Кітап оқимын. Қалғанын өмірдің өзі үйретіп жатыр.

6. Соңғы оқыған үш кітабыңызды атаңызшы..
Соңғы кезде көп оқып жүрмін. Ішінде ұнағандары: В.Ю.Тихоплав  деген ғалымның «Физика веры», Ян Парандовскийдің «Алхимия слова» және Майкл Ньютонның «Путешествия души» атты кітаптарды атауға болады.

7. Ішімде бір дерт бар, тірі біреу бар деп едіңіз, оны қалай баптап, ас-ауқат бересіз?
Ақберен Елгезек:Ол ас ішпейді. Ол - менің энергияммен қоректенеді. Есесіне, өлең береді маған. Егер ол күбірлеген дүниелерді әдемі қылып қағаз бетіне түсіре алсам, ол содан рахаттанады. Тамағы да сол, қысқаша айтқанда.  

8. Біздің әдебиетте алтын ғасыр болмады ма? Бұл сіздің пікіріңізден қорытылған сұрақ.
Ақберен Елгезек:Болғанда қандай! Абай мен Шәкәрім. Мағжан мен Ілияс. Мұхтар Әуезов пен Тәкен Әлімқұлов. Қасым мен Мұқағали. Төлеген мен Қадыр. Жұмекен мен Оралхан. Мұхтар Мағауин мен Әбіш. Және тағысын тағылар. Бұлар жазба әдебиетіміздің алтын ғасырын сомдаған тұлғалар емес пе!   

9. Бүгінгі әдебиет ертеңгі халыққа керек деп едіңіз,  ертеңгі халық  қандай болады деп ойлайсыз?
Ақберен Елгезек:Ертеңгі қазақ білімді, түйсігі нәзік, көреген, сұңғыла болатынына сенімдімін. Және ол ұрпақ қазір жоғалып бара жатқан сөздің қадірін қалпына келтіріп, әдебиетті өз тұғырына отырғызатынына сенімім кәміл.

10. Әр өлең сайын, әр қызға ғашық боласыз ба?
Ақберен Елгезек:Мүмкін, әр ғашық болған сайын, жаңа өлең туа ма дегеніңіз дұрыс шығар. Жоқ, мен бір жанға ғана ғашықпын. Барлық лирикалық өлеңдерім соған ғана арналған.  

11. Қатарлас ақындардан кімді мойындайсыз?
Ақберен Елгезек:Бәрін мойындаймын. Ешкім ерігіп поэзияға келмейді. Әркім өз биігінде, өзіне берілген дүниені ғана жазады. Сондықтан бұл жерде анау мықты, мынау әлсіз деуге келмейді.

12. Мұқағали атамыз ақ қайыңмен алмасып өмір сүргісі келсе, сіз кіммен алмасып өмір сүргіңіз келеді, кейбір кездері?
Ақберен Елгезек:Мен кейде көбелек болғым келеді.  Қалаған гүліме қонып жүрсем деп ойлап қоям кей кезде. Бірақ оның бәрі қиял ғой...

13. Ақын қызға ғашық болып көрдіңіз бе?
Жоқ.

14. Жігіт болса да жігіттен дос таба алмай, «қыз да болсаң мен саған мұң шағамын» деп  Мұқағали ағамыз айтқан ғой, сіздің мұң шағатын дос қыздарыңыз бар ма? Қыздар қаншалықты дос бола алады?
Ақберен Елгезек:Шынымды айтсам, ондай қыз әлі кездескен жоқ. Доспыз деп жүрген қыздардың көбісі кейін басқа арнаға түсіп кетеді...

15. Принципшілсіз бе?
Ақберен Елгезек:Иә, сондаймын деп айта аламын.

16. Ақындардың ойынша, тіл мәселесін қалай шешуге болады?
Ол мемлекеттің бұлжымайтын саяси ұстанымына айналмай, шаруа шешілмейді. Бізде тіл туралы бәрі айтады, ал ештеңе істелінбейді. Жыл сайын қазақ тілін дамытуға біршама қаражат бөлінеді, одан ешқандай нәтиже көріп отырған жоқпыз. Жалпы, тіл мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Бұрынғы уақытты айтпағанда, біз тоқсаныншы жылдардың аяғында оқуға түскенде, Алматының көшесінде орысша шүлдірлеп жүргендер көп болатын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда, қалада қазақша сөйлейтіндердің саны әжептәуір өсті. Дүкендерде, әртүрлі қоғамдық орындарда қызмет ететіндердің барлығы дерлік қазақша сұрасаң, қазақша жауап береді. 

17. Латын графикасына өткен қазақ тілін  елестете аласыз ба? Бұған айтар уәжіңіз бар ма?
А.Е..Жалпы, мен оған қарсы емеспін. Бұл біздің тілді ақпараттық замандағы компьютерлік өркениетке кіргізуге зор әсер етер еді. Мәселен, латын әліпбиіне көшер алдында, біз  қазақтың бай әдеби, ғылыми және басқа да мұраларымызды сол әліпбиге мұқият көшіріп, сақтап қалуымыз керек. Сонда ғана біз барымызды жоғалтпай, қазақ әріптеріне жаңа өмір сүруіне жағдай жасар едік.

18. Еліміздің тәуелсіздігіне  20 жыл аясында халқыңызға сіз не сыйлайсыз? Есеп беру кешін өткізетін уақыт таяп қалды деп ойламайсыз ба?
А.Е.. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына не сыйлай алады дейсіз мені? Мүмкін бір өлең туып қалар. Жалпы, мен тапсырыспен жазбаймын да, науқаншыл ақын емеспін. Мен кеш өткізу деген дүниеге өзім онша қызыға бермеймін. Елдің алдына шығып алып, өлең оқуға да аса құштар емеспін. Егер кешті өткізудің жаңа, қызықты формасы табылса, көре жатармыз.  

19. Ақынның бастық болғаны қалай? Не түрткі болды?
Ештеңе де түрткі болған жоқ. Жұмысқа шақырды, бардым. Ақынға басшы болуға болмайды деген ережені еш жерден оқымаған екем осы күнге дейін. Біз де қарапайым нанын тауып, суын ішіп отырған пендеміз. Мынау ақын екен деп ешкім мені асырамайды ғой!

20. Жұмыстарыңызда не жаңалық?
Бәрі бірқалыпты. Жоспарлы түрде жұмыс істеп жатырмыз.

21. Сұхбатыңызға рахмет!

Фариза БАЙЕЛІ

http://mtdi.kz/kz/sybat/madeniet-okilderi/504

0 пікір