Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3926 2 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:53

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Ғалымжан Қойшыбаев бұрындары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2004-2006 - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы.

2006-2008 - СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

2008-2012-Қазақстанның Литвадағы Елшісі, Қазақстанның Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2012-2016 - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2016-2019 - Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Abai.kz

2 пікір