Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3685 0 пікір 1 Тамыз, 2011 сағат 07:51

Ғаділбек Әкім. АҚШ экономикасы дефолтқа ұшырау мүмкін бе?

2 тамыз АҚШ мемлекеті үшін шынымен де «қаралы сейсенбі болуы мүмкін» және де бұл тек аталған елдің экономикасы үшін ғана емес, сонымен қатар әлем экономикасы үшін де «қаралы күн» болуы әбден ықтимал.  Аталған күнге дейін бір күн уақыт қана қалды, ал АҚШ Ақ Үйімен Конгресс арасындағы ауыр және ұзаққа созылған келіссөздер бірде үзіліп, бірде жалғасып келе жатырғанына мамыр айының ортасынан бері біраз уақыт өтті, алайда екі тарапта толымды, түйінді бір шешімге келе алмай отыр. АҚШ бұл күні өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша техникалық дефолтқа ұшырайтын болса, оның әсері барлығына тиетіні белгілі, қазірдің өзінде әлемнің қор биржалары демдерін ішіне тартып отыр, доллардың басқа валюталарға шаққандағы бағамы төмендеуде. Мәселенің басы 16-шы мамыр күні Америка 14,3 триллион доллар болатын  меже қойылған қарызы шектен асып кетті. Президент Обаманың әкімшілігі мемлекеттік қарыз деңгейінің көлемін 2,4 триллион долларға дейін өсіруді ұсынып отыр, өз кезегінде оған Конгресте көпшілікті құрап отырған республикалықтар келісімін бермей және мемлекеттік  шығындарды азайтуды, қысқартуды талап етуде. АҚШ басшысы келіссөздердің нәтижелі болмайтынын түсінген болуы керек, ендігі кезекте ол өз сөздерін қарсылас партияның өкілдеріне емес, қоғамға, бұқараға сарапшы болуға шақырып отыр.

2 тамыз АҚШ мемлекеті үшін шынымен де «қаралы сейсенбі болуы мүмкін» және де бұл тек аталған елдің экономикасы үшін ғана емес, сонымен қатар әлем экономикасы үшін де «қаралы күн» болуы әбден ықтимал.  Аталған күнге дейін бір күн уақыт қана қалды, ал АҚШ Ақ Үйімен Конгресс арасындағы ауыр және ұзаққа созылған келіссөздер бірде үзіліп, бірде жалғасып келе жатырғанына мамыр айының ортасынан бері біраз уақыт өтті, алайда екі тарапта толымды, түйінді бір шешімге келе алмай отыр. АҚШ бұл күні өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша техникалық дефолтқа ұшырайтын болса, оның әсері барлығына тиетіні белгілі, қазірдің өзінде әлемнің қор биржалары демдерін ішіне тартып отыр, доллардың басқа валюталарға шаққандағы бағамы төмендеуде. Мәселенің басы 16-шы мамыр күні Америка 14,3 триллион доллар болатын  меже қойылған қарызы шектен асып кетті. Президент Обаманың әкімшілігі мемлекеттік қарыз деңгейінің көлемін 2,4 триллион долларға дейін өсіруді ұсынып отыр, өз кезегінде оған Конгресте көпшілікті құрап отырған республикалықтар келісімін бермей және мемлекеттік  шығындарды азайтуды, қысқартуды талап етуде. АҚШ басшысы келіссөздердің нәтижелі болмайтынын түсінген болуы керек, ендігі кезекте ол өз сөздерін қарсылас партияның өкілдеріне емес, қоғамға, бұқараға сарапшы болуға шақырып отыр. Шыныменде жағдайды болжау, ондай жағдай бола қалса әлемдік экономикада, оның ішінде біздің экономикада не боларын айту қиын.

Жалпы алғанда тамыз айы экономика үшін ең қаупті уақыт болып келеді, оны осыған дейінгі дағдарыстардан байқауға болады.

Серік Аханов, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Кеңес төрағасы:

- Мен бұндай жағдай бола қалатын болса, оның зардаптарын көзге елестете ала алмаймын Мәселе нақыт түрде тұр - байларға қойылып отырған салықты көтеру, немесе  кедейлерге арналған шығындарды қысқарту. Менің ойымша, олар бір шешімге келеді, ортақ ымыра табады, АҚШ тарихында ондай сәттер бұрында болған. Дефолт болу қаупі жоқ, себебі АҚШ - әлемдегі жалғыз мықты держава, ал доллар - әлемдік валюта. Егер де тұрақтылық жоғалып, Америка құнды қағаздар бойынша өзінің міндеттемелерінен бас тартатын болса, оның нәтижелері туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Менің ұсынысым: жұмаға дейін күтейік, олар келісімге келуі керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір