Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 3759 15 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 12:46

Huawei vs iPhone

Әдетте, смартфондар арасындағы бәсекелестік жайлы сөйлегенде, iPhone мен Samsung гаджеттерінің классикалық бақталастығы ойға келетін. Қазір Samsung орнын Huawei басқандай.

Бүгін Visul Journalism сабағында профессор Боссен жаңадан шыққан iPhone смартфонының қараңғы жерде суретке түсіру әдісінің жаңартылған нұсқасы пайда болғанын айтты. Ол The New York Times басылымында бүгін шыққан ревьюді ашып отырып, жаңа метод қараңғы жердегі нысандарды бірнеше түрлі алгоритммен суретке түсіріп, оларды автоматты түрде біріктіретінін айтты. Яғни, смартфон қараңғы жерді анық түсіру үшін бірнеше фотоға түсіретінін айтып қуанды. Бірақ, сол мезетте оның қуанышын Қытайдан келген группаласым сүлейтті. Ол қолындағы Huawei V20 смартфонында да дәл осындай функция бар екенін айтып, кабинеттің жарығын жартылай сөндіруді сұрап, іс жүзінде көрсетіп берді. Профессор оны тыңдап болғаннан кейін таңданғанын көрсетпеуге тырысып, лекциясын жалғастырды. Дәл осы сәтте АҚШ үкіметінің Huawei компаниясының өнімдеріне неліктен санкция жариялағанын сырттай түсінгендей болдым. Олардың технологиялық дамуы жарық жылдамдығы сияқты дамып келеді. Сол себепті де АҚШ қолынан келгенше шектеуге тырысып бағуда. Бұл екі ел арасындағы сауда соғысына жалғасып жатқанын білесіздер.

Сөз соңында, профессор The New York Times басылымындағы ревьюге қайта оралып, осыны оқып технологияның қай деңгейде дамып кеткенін түсінгендей болдым деді де сөзін аяқтады.

Айта кетсем, бұл функция жаңа iPhone смартфонынымен шықты. Дәл осы функция Huawei смартфонында өткен жылдың желтоқсан айында шығып қойған екен.

Жолдас Өрісбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

15 пікір