Жұма, 29 Наурыз 2024
2952 0 пікір 17 Қыркүйек, 2019 сағат 14:23

Сырдариялық диқандар күрішке орақ салды

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының күрішшілері егін жинау науқанына кірісті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

«Мади Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егін алқабында өткен шараға Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов қатысып, диқаншылар қауымын құттықтады.

– Ауылшаруашылық саласы – экономиканың негізгі драйвері. Сондықтан аграрлы ауданымызда ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шаруашылық құрылымдары жыл сайын Сыр маржанынан мол өнім жинап, ел қамбасы алтын дәнге толуда. Биылғы жылы да дала еңбеккерлері күріштен мол өнім жинайды деп күтілуде. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Техникалар да жаңарды. Ал,Шіркейлі ауылындағы "Мәді Қажы" серіктестігі 2200 гектар жерге күріш екті. Егілген күріш жайқалып өсіп тұр. Ендігі мақсат – елдің қазынасын ысырапсыз жинап алу. Жауапты жұмыста серіктестік қызметкерлеріне сәттілік тілеймін, - деді Руслан Рүстемұлы.

Бұдан әрі даңқты күрішші, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 2 мәрте депутаты болған Бексұлу Синаева сөз сөйлеп, күрішші қауымға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сейтқамал Сұлтанов басқаратын «Мәди Қажы» серіктестігінде 250-ге тарта адам еңбек етуде. Шаруашылықта 6 дана комбайн, 6 дана жатка, 11 дана ХТЗ, 15 дана МТЗ және 30-дан астам ауылшаруашылығы машиналары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610