Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3754 0 пікір 28 Шілде, 2011 сағат 11:03

Ермек Қарабала. Депутат Астанада рейдерлікпен айналысып жүр (видео)

Бүгін Астанадағы ірі агроқұрылымның бас кеңсесіне рейдерлік шабуыл жасалды. Таңғы сағат 9-дар шамасында бетперде киген біреулер кәсіпорынға басып кіріп, бас көз жоқ жұмысшыларды сыртқа шығарып жіберген. Олар қарсылық көрсетуге қауқарсыз болғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырыпты. Алайда ішке кіріп шыққан полиция қызметкерлері бұл істе бейтараптық сақтауды жөн көріпті.

«Агроцентр-Астана» елдегі ең ірі агроқұрылымдардың бірі. Ақмола мен Солтүстік Қазақстандағы 27 кәсіпорын мен 5 элеватор, 4 нан зауыты мен 2 мұнай базасының қожасы. Тіпті дербес әуекомпаниясының құрылтайшысы дейді ғаламтордағы дерек көздері. Осы қуатты құрылымның бас кеңсесін білгісіз біреулер күш қолдана отырып басып алыпты. Компанияның бас директорының орынбасары Виталий Руфтың айтуынша бұл «барып тұрған рейдерлік шабуыл. Себебі іштегілер ешкімге ештеңе түсіндірмеген. Бірақ басып кіргендердің арасында Мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов бар»,- дейді Виталий. Сөзіне дәлел ретінде қалта телефонына түсірілген төмендегі таспаны ұсынды.

Шындығында Мәжіліс депутаты Ромин Мәдинов осы компанияның іргесін қалаған. Бас директорадың орынбасары Виталий Руфтың айтуынша, кәсіпорын акцияларының 50 пайызы осы Ромин Ризаұлынікі. Қалған акциялар Владимир Чалышевтің меншігінде.

Түске таман біз кеңсе ішіндегілермен тілдестік. Өзін кәсіпорынның жаңадан тағайындалған жетекшісімін деп таныстырған Азамат Айсин сөзінің бісмілләсын Виталий Руф бастаған 20 қызметкердің уақытша жұмыстан босатылғанынан бастады. Олардың үстінен қызметтік тергеу басталғаны, алайда олардың еңбек шарттарында көрсетілген құықтары толық сақталатынын айтты. Айлығы жүріп жатыр деп сендірді.

Айтуынша, компанияның құрылтайшылары Ромин Мәдинов пен Владимир Чалышев арасында түсінбестік туып тараптар сотқа жүгінген. Бұрын Ромин Мәдиновте болған 50 пайыз акциясының 25 пайызын ол ұлы Русланға табыстаған. Тағы 25 пайыз акцияға Азамат Айсин иелік ететін көрінеді. Осылай деген ол Астана қаласының Әділет басқармасының мөрі бар құжаттарын көрсетті. Оған сенсек, шынымен компанияның құрылтайшыларының бірі ретінде оның жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан босатып, ішкі тексеріс жүргізуге толық құқы бар. Бірақ құрылтайшылардың қатарындағы Владмир Чалышев мұнымен келіспейді. Виталий Руфтың айтуынша, кеше кешке акциялардың иесі Ромин Мәдиновтың өзі болатын. Сондықтан олар журналистерге ұсынған құжаттардың жалған екенініне сенімді. Сол себепті акциялардың 50 пайызына иелік ететін Владимир Чалышев қаржы полициясына арыз жазып, «Нұр Отан» партиясына шағымданып жатқанын хабарлады.

www.masa.kz интернет газеті

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="425" height="349">

0 пікір