Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4011 0 пікір 28 Шілде, 2011 сағат 05:25

Бауыржан Берікұлы. Қайран тіл, қайран сөз, ақынға қадірсіз...

Басылым беттерінде әдеби сын деп алып,  тақырыбына байланысты бір де бір кемшілікті тілге тиек етпей (әрине, кемшіліксіз нәрсе жоқ. Бірақ оны да ескертпеске болмайды), тек мақтауды әдетке айналдырған «сыншылардың» әрекетін қайталамай жалпы жұртқа қаратып бірер сөз айтқымыз келіп отыр.

Әдебиетте өзіндік орны бар, оқырманға жақсы таныс ақындарымыздың өлең кітаптарын оқып отырып,   қазақ тілінің қолдану аясының таралып бара жатқанын көріп еріксіз осы мақаланы жазуыма тура келді.

Мәселен, сөзді дұрыс қолданған болса, ақын Дәурен Берікқажы («ANTI MERIDIEM» дейтін кітабында):

Ертеңі болсам...

Еңсесін төмен түсірмен

Ереуіл атқа

Ер салмай өткен ерлердің!

деп оқырманды адастырар ма еді?!. Махамбет:

«Ереуіл атқа ер салмай,

..........................................

ерлердің ісі бітер ме?!» -

деп толғанған еді ғой?!

Ел басына күн туған шақтарда ереуіл атқа ер салмай  ерлердің ісі бітпейтін еді! Ақын құдды бір тонды теріс айналдырып киіп алған секілді. Міне, біздің Махаңды қалай терең түсінетініміз... Мен үшін «майда-шүйде қате, онда тұрған не бар дейсің?!» деген ұғым жоқ. Ақын өзінің өлеңіне ең бірінші өзі сыншы болуы керек.

Ақын тағы бір өлеңінде әрі қарай былай жырлайды:

Аңсатып әбден көл үні секілді көктем,

Шағаласына ұқсап ұшуға кепілдік еткен

Мезетте... Мені қалса да қайғылар қамап,

Жақсылықтардың, Аға, жасқынбай бәрін күт менен!

Уақыттың ұзақ төрелігінен танылып досым,

Оянған көкте жасындай шабытым басым

Мезетте... Менің жарылса кеудемде жүрек

Дертімнің, Аға, айтарсың анықтамасын.

Айналасы теп-тегіс жұмыр өлең бе осы?

Ал енді ақын Бақытжан Алдиярдың «Құбыла» жинағындағы өлеңдерінде де біраз кемшіліктер ұшырасып қалып жатады. Тоқтала кетейік.

Есер ұлдың аузына әкеп тосады,

Зейнетақын әрең алған кәрі ана, - дегендегі «зейнетақын»  дейтін сөз құлаққа түрпідей тиеді екен! «Зейнетақысын әрең алған кәрі ана» ғой дұрысы! Бірақ «зейнетақысын» десе бір буын асып түседі де, өлең өзіндік ырғағынан айрылып қалады. Бұл өлең жолы әу баста «Пенсиясын әрең алған кәрі ана» деп жазылған сияқты әсер қалдырады екен.

Сонымен қатар, ақынның:

Бір қыз бар осы өлкеде Жібек деген,

Жібек деп әлі күнге жүдеп келем.

Жандары ақындардың қыздан нәзік,

Ойнама, қалқам менің, жүрекпенен, - деген өлең шумағындағы соңғы жолды: «Ойнама, қалқам, мендік жүрекпенен» десе ғой, біртүрлі сөз ырғағы өз қалыбына келер ме еді.

Тағы бір ақынның өлеңдеріне тоқтала  кеткенді жөн көрдім. Ол ақынымыз - Серік Сейітман. «Қазақтың қаны (қазаққа қорған қырық өлең)» жыр кітабының авторы.

Ол «Кемпірлермен билегенді ұнатам» дейтін өлеңінің кіріспесінде: «Ағайын-туыс құлағымның тынышын алған соң, жібі түзу жан іздеп, жар таңдап жүрген кезімде қарындасым ұзатылып, ауылға тойға бардым. Ауыл қыздары ибалы болады ғой деген дәмемен бір-екеуін биге шақырсам, ауыздары кәпір сасып, қисалаңдап жүр», - деп ұзақ түсіндіруді жөн санапты. Сондықтан да ол «Кемпірлермен билегенді ұнатам» дейтін осы өлеңінде қыздарымызға деген күйінішін жасыра алмай, оларға кемпірлерді үлгі ете келіп:

«...Себебі олар ұстатқан жоқ белдерін,

Қазіргідей орыс, қытай, кәріске...»

«...Әбүйірін,

Сан тоңқалаң асса да,

Күйеуінен басқа ешкім көрген жоқ», -

дей келе:

«...Бүгінгідей бауыр еті  баласын

Тастап кетіп,

Қалған да жоқ обалға», - деп ащы да болса жан айқайын сыртқа шығарады. Осыдан кейін ақынның жоғарыдағы кіріспе сөзді бекер жазбағанын түсінеміз.

Алайда ақын қисалаңдап мас болып жүрген қыздарды жек көреді екен де, ал өзі сыра-пырамен, арақпен «тәуір» екен һәм апаларының «солғын үрпін сормай-ақ» (бұл жерде бұл сөздің қандай қатысы барын ақынның өзі біледі) билегенді дұрыс көретін сияқты. Онысын мына өлең жолдарынан байқайсыз:

Арамызға дәнекер боп сыра, «ахаң», (???)

Солғын үрпін сорғызбай-ақ бір апам (???)

Тамағына терден иіссу сепкен, (???)

Кемпірлермен билегенді ұнатам, - деп соғуы соның дәлелі емес пе?!

Қыздарды қисалаңдап жүр дейді. Ішкен қызды сөгеді, дұрыс. Ал ақынмен бірге арақ ішкен кемпір «кәпір сасымай» ма сонда? Ақынның өзі ше? Кемпірлермен билеуді ұнататынын түсіндік. Енді осы жерде «солғын үрпін сорғызбай-ақ бір апам» деген лас сөзді түсініп көріңіз!

Кемпірлермен билеуді ғана місе тұтпай, қызды-қыздымен Секең үйленуді де жоспарлап тастайды. Ол ойын жеңгесіне емес, анасына жеткізеді:

Бар үмітім сенде боп тұр, анашым,

Тұрмыс құрмай қалған құрбың бар ма еді?!

деп барып бір-ақ тоқтайды.

Аттары аталған ақындардың жоғарыда кейбір жолдары мысалға алынған  жырлары болмаса, әлгіндей жаңсақтыққа көп бара бермейді.. Бірақ өлеңдерінің ішінде арагідік кездесіп қала беретін «арам шөптерді» көргенде сөзді қор қылған ақынды емес, қор болған тілді аядым.

«Қайран тіл, қайран сөз, ақынға қадірсіз» деген осы екен ғой.

«Абай-ақпарат»

0 пікір