Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 28 Шілде, 2011 сағат 04:47

Мириам Элдер. Гүржістан ресейлік телебасқынға қыр көрсетуде

Жерсеріктік «БАК» телебекеті антиресейлік еместігін айтады

Тбилиси. Гүржістан астанасының ірі көшелерінің бір бүйірін ала орналасқан шағын көшеде ауласын жас жарияшылардың дабыры кернеген бес қабатты ғимарат тұр.

Ғимарат ішінде қондырғы мен жабдықтардың үш қана жимасы бар шағын телестудия - жаңалықтарға, спорт пен ток-шоу түсіруге арналыпты, - үш түрлі жанр бір орын жайға тығылыса жайғасқан. Бұған қоса, екі қабат -  жаңалықшы журналистер мен әкімшілікке бөлінген. БАК («Бірінші ақпараттық кавказдық» дегеннен) - ірі амбициялы шағын ғана жерсеріктік телекомпания, дәлірегі, Мәскеудің орыстілді жаңалықтар сегментіне қыр көрсетуді мұрат етуші ұйым.

«Біз антиресейлік арна емеспіз. Бізде Ресей халқына, ресейлік мәдениет пен тарихқа тағы басқаға деген жағымсыз сезім жоқ. Біз бар болғаны Ресей туралы ақпаратқа ашыққан жандарға шынайы хабар бергіміз келеді», - дейді , - дейді Роб Парсонс (Rob Parsons), британдық телеарна басшысы.

Жерсеріктік «БАК» телебекеті антиресейлік еместігін айтады

Тбилиси. Гүржістан астанасының ірі көшелерінің бір бүйірін ала орналасқан шағын көшеде ауласын жас жарияшылардың дабыры кернеген бес қабатты ғимарат тұр.

Ғимарат ішінде қондырғы мен жабдықтардың үш қана жимасы бар шағын телестудия - жаңалықтарға, спорт пен ток-шоу түсіруге арналыпты, - үш түрлі жанр бір орын жайға тығылыса жайғасқан. Бұған қоса, екі қабат -  жаңалықшы журналистер мен әкімшілікке бөлінген. БАК («Бірінші ақпараттық кавказдық» дегеннен) - ірі амбициялы шағын ғана жерсеріктік телекомпания, дәлірегі, Мәскеудің орыстілді жаңалықтар сегментіне қыр көрсетуді мұрат етуші ұйым.

«Біз антиресейлік арна емеспіз. Бізде Ресей халқына, ресейлік мәдениет пен тарихқа тағы басқаға деген жағымсыз сезім жоқ. Біз бар болғаны Ресей туралы ақпаратқа ашыққан жандарға шынайы хабар бергіміз келеді», - дейді , - дейді Роб Парсонс (Rob Parsons), британдық телеарна басшысы.

2003 жылы Гүржістанда Ресейге достық қатынастағы кеңестік өкіметтен қалған ұлықтар биліктен аласталып, Батысқа иек артқан Саакашвили бастаған жастар елді қолға алған «Раушан» төңікерісінен бері Ресей мен Гүржі елі арақатынасы шиеленісе түсті. Гүржі республикасынан бөлектенген Оңтүстік Осетияны бақылауға таластан шыққан 2008 жылғы шайқас екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа сызат түсірді. Жанжал түрлі деңгейде сипат алды. Гүржістан сыртқы істер министрлігі, тіпті, өз елін өзге елдер орыстық «Грузия» деудің орнына  ағылшын тілінде «Джорджия»  деп атауды ұсынуда.

Саакашвили БАҚ күшін білетін басшы. Кезінде оның «Рустави-2» телеарнасын басып алуы оған билік басына келуге жол ашқан еді, ал батыстық жарияшыларға Осетиядағы соғысқа араласуға барынша мүмкіндік жасауы да соған пайдасын тигізген жайт.

«БАК» биылғы қаңтарда іске кірісті, қазір 275 қызметкері бар. Арна басшысы  Парсонс, алғаш рет 1980 жылы гүржілік ұлтшылдық турасында диссертацияға әзірлік барысында Гүржістанға келсе, Мәскеуде Би-би-сидің өкілі болып он жылдай қызмет етті, сосын «Азаттық» радиосының гүржілік қызметіне қосылды, кейін франсуздық «France24» телеарнасының халықаралық бөлімін басқарған. Телеарнаның басқа қалалардан өзге Мәскеуде, Киевте, Бакуде, Ереванда, Стамбұл мен Уашингтонда тілшілік қосындары бар. Қазір Тегеранда қосын ашу қаралуда. Арна толықтай гүржілік мемлекеттік телетаратушы атынан қаржыландырылып отыр.

«Біз әлемге әйгілі басқа халықаралық телеарналар - «BBC», «France24», «Deutsche Welle» секілді барынша шынайы, таза, бейтарап ақпарат таратамыз, және бұл арна өз елінің дипломатиялық қолбаласы іспетті», - дейді Парсонс.

«БАК» ресейлік Солтүстік Кавказ секілді қайнаған өңірге жерсерікпен  хабар таратады. Гүржістан кавказдық ондаған республикалардың ішінде екеуімен -  Дағыстан және Шешенстан елдерімен шекаралас.

«Гүржістанды Солтүстік Кавказда жалпы, алғанда шаншудай қабылдайды, Өйткені, бұл өңір ресейлік сүзгі БАҚтар арқылы ғана ақпаратқа қол жеткізеді», - дейді Парсонс.

Бұл жекелей алғанда, өңірлік мәселені де жанайды. Телеарна сонымен бірге, Иран мен Түркияға да өз назарын аударуда. Себебі, Парсонстың айтуынша, «Гүрзістан мен Кавказ әуелден Түркия мен Иранды қосатын біртұтас әлемнің бір бөлігі. Ол тек соңғы ғасырларда ғана ресейлік ықпалға түсіп отыр».

Телеарнаның стратегиясы одан да арғы уақытты қамтитын секілді. Солтүстік  Кавказға деген назар - Гүрзістанның дәмелі көзқарасы мен Мәскеудегі либерал элементтердің, күндердің бір күнінде Солтүстік Кавказдағы кескілескен шайқастардан шаршап немесе өңірді ұстаудың орасан қымбаттығын ескеріп,  Мәскеудің одан айырыларына деген сенімнің нәтижесі.

«Гүржістанның Солтүстік Кавказбен нақты ақпаратқа сүйенген оңды қатынас орнатуы маңызды», - дейді Парсонс. Бұған ол мынаны қосып қояды: «Егер болашақта Ресей ыдырап жатса, кавказдық солтүстіктегі халықтармен нашар қатынас орнату Гүржістанға тиімді емес».

Бұл гүржілік басшылықтың да көздеп отырған стратегиясы. Саакашвили бастаған басшылық Кавказдың сол тұсы мен оң тұсын (Грузия, Армения, Азербайджан)  байланыстыруға ұмтылуда. Жуырда Гүржістан Солтүстік Кавказ  тұрғындары үшін визасыз режім жариялады.

Телеарнаның қазіргі қамту аясы онша емес. Жерсерікке сүйенген көрермендердің саны болмашы, бірақ өткен аптада қосылған ағылшынтілді арнаның сайтына күніге он бес мың адам кіруде, оның жартысы - Ресейден.

«Ресейлік үгітпен күрес біздің басты мақсатымызға жатпайды. Біз бар болғаны бұл елдегі картинаны әділ түрде ұсынбақпыз»,  - дейді Парсонс.

Ресейде бұл жағдайға өзінің назарын аударуда. Алдыңғы арнадан қалған лицензиямен хабар тарата бастаған жерсеріктік телетаратым бірнеше күн ішінде іске қосылған «Газпром-Медия» секілді алыппен бәсекелесуге тура келіп отыр. Телеарнаның мәскеулік тілшісі өткен айда Ресейде алуы барған сайын қиындай түскен аккредитациясыз тырп ете алатын емес.

Гүржілік жерсеріктік телеарна күніге 24 сағат таратым ұсынуда. Ұсыныс -жаңалықтан бастап, деректі фильмге дейінгі алуан өнімді қамтуда. Сапасы жағынан кеңестенген консервативтік телеөнімдермен салыстырғанда жеңіл стилистика мен жарқын көрсетім барған сайын  көрермендер санын өсіріп келеді.

Саакашвилидің БАҚ үстінен бағуы оның Гүржістан билігіне келгелі ойдағыдай демократ еместігін көрсеткен дағдысы еді.  Бірақ Парсонс редакциялық саясатты өз қолына алуға барынша тырысып бағуда. «24-нші қаңтардан бері эфирге шыққалы маған бір де бір рет ісімізге қатысты қоңырау, имейл, хат немесе шағым түскен емес»,- дейді арна басшысы.

«Бұл шынында да осы өңірдегі ашық та шынайы телеарна», - дейді Парсонс. Өңірдің қандай екенін ескерсек, бұл сөз әзір ештеңеге селт еткізе қоймас. Дегенмен, бастамасы қызық.

Аударған - Сергек Ерсайын

«Абай-ақпарат»

Түпнұсқа: Georgia challenges Russia's TV dominance

0 пікір