Сенбі, 20 Сәуір 2024
13020 0 пікір 7 Тамыз, 2019 сағат 16:54

«Ел ертеңі – жастар»

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы - жастар. Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі. Елбасы әрқашан да жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Егемен ел болғалы Елбасының ел жастарына сенім артпаған, қолдау білдірмеген кезі жоқ.

2019 жыл қазақстандық жастар үшін жақсылыққа толы жыл болмақ. Биыл ел жастарына бұрынғыдан да мол көмек көрсетіледі. Себебі, Елбасы бұл жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бұны Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі Жолдауында айтты. Осыдан кейін ақ ел жастарына деген қолдау бұрынғыдан да арта түсті. Осы үлкен қолдауды сезіне білген барлық жас мемлекет үшін барынша қызмет атқарып жатыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды елімізде Жастар жылы деп жариялағанын айтып отырмыз. Тұңғыш Президент мемлекеттің болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып жүреді. «Ел ертеңі – жастар» деген Елбасы сөзіне сай мемлекет тарапынан жастарды қолдау ісі бұрыннан күн тәртібінен түскен емес.

Жастарды қолдау дегенде ең алдымен ең маңыздысы ел ертеңі саналатын жастарды барынша жұмыспен қамту мәселесі бірінші орынға шығады. Мемлекттің басты назарында жастардың жерде қалмай, жұмыс істеп өзін асырауы және елге үлес қсуы болып отыр. Сол үшін Елбасының бастамасымен, арнайы тапсырмасымен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жұмыс істеуде. Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» сынды бірқатар өтімді бағдарламалар жұмыс істеп, жастарды қолдаудың нақты қадамы ретінде бағаланып отыр.

Енді сөзіміздің айқын дәлелі ретінде аймақтарда орын алып жатсқан игі бастамаларды мысалға алайық. Несиесіз бизнес жоба жасап, айналасына жастарды топтастыру мақсатында іске асып жатқан «Zhas Project» мемлекеттік жобасына еліміздің әр өңірінен жастар қызығушылық танытуда. Сол қатарда ақмолалық жастар да бұл жобаға белсене қатысуда.

Атап айтқанда, Целиноград ауданында жүзеге асқан «Спорт- денсаулық кепілі» атты жоба шеңберінде Ақмол ауылында жастарға арналған тренажер залы ашылды. Бұл жұмыстың бастамашысы ауыл мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әрі аудандық баскетбол командасының бапкері Сергей Каштанов болатын. Өз жобасын қорғап, арнайы грант ұтып алған Сергей жаттығу залын орналастыратын ғимаратты жалға алу мәселесінде кішігірім кедергіге тап болған.

Сол сәтте ол ойланбастан «Нұр Отан» партиясы «Феникс-Ақмол» аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наталья Горицинаның қабылдауына кіріп, өз мәселесін ортаға салған. Мәселенің мән-жайын ұққан аумақтық партия төрағасының бірінші орынбасары «Шаңырақ» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, меценат Максим Божконың көмегімен аталған мәселе оң шешімін табуына өз көмегін көрсетті.

Биыл жыл басынан бері жастар жылы аясында жер-жерде жастарды қолдау мақсатында іс-шаралар өтіп жатыр. Оның бірінде жастардың оқып-білім алуына жағдай жасаса, екіншісінде жастардың кәсіп бастауына мұрындық болуда. Сөзіміздің дәлелі біз сөз етіп отырған «Zhas Project» жобасы. Бұл жоба жастар жобалаларын жүзеге асыруда өз өміршеңдігін көрсетіп, ауыл жастарын, әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көп септігін тигізіп жатыр.

Жастарды қолдап-қуаттау деп жатырмыз, сол жастардың өзі кәсіп жаратып, жоғары тұрмыс өресіне жету үшін толық жағдай жасалуы керек. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сүйенуге болады. Мәселен, әлемнің қай елін алып қарасақ та азаматтары алаңсыз өмір сүріп, емін-еркін болашақ жасауы үшін оны демеп тұратын үш үлкен күш керек. Бұл әлемнің кез-келген елінде бірдей қажетті құбылыс. Ол үш алып күш анықтап айтқанда - білім, жұмыс және баспана болмақ. Осы үш қажеттілік толық қанағаттандырылған жағдайда азаматтар алаңсыз өмір кешіп, сол елдің ертеңі жарықн болмақ. Осыны басты назарда ұстаған біздің елдің басшылары бірқатар бағдарламар қабылдап, ел жастарының еңсе тіктеуі үшін нақты қадамдар жасап отыр. Біз бұл жерде жоғарда ғана атын атаған «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Zhas Project» қатарлы жобаларды айтып отырмыз.

Жастарды жұмыспен қамту дегенде мемлекет тарапынан жасалып жатқан жастардың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдау аясындағы бірнеше бағдарламалар жайлы да айтуға болады. Мәселен 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы үлкен сынақтардан өтіп, ел ертеңі үшін аса қажетті бағдарлама екені мойындалды. Бұл туралы Елбасы өткен жылғы бесінші қазандағы Жолдауында былай деген еді:

"Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастырамын. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді", - деген еді Тұңғыш Президент.

Біз сөз етіп отырған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриялық-инновациялық маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз түрде гранттар беру жұмысы жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бұл бағдарламаның шеңберінде кәсібін жаңа бастап жатқан жастарға басымдылық беріледі. Оның сыртында мүмкіндігі шектеулі жандарға да жеңілдіктер қарастырлығанын айта кетейік. Бұл жерде түсінікті болу үшін, жастар мемлекеттен қайтарымсыз гранттар ұтып алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында арнайы кәсіпкерлік білім алуға міндеттелетін болады. Бұл да сапалы жұмыс жасаудың алғы шарттарының бірі екенін еске саламыз.

Біз сөз еткен жоба Елбасы жариялаған жастар жылы аясында өтіп жатқан көптеген іс-шаралардың бірі ғана. Бұндай шаралар еліміздің әр өңірінде қолға алунда. Бұның бәрі елдің ертеңі болған жастар үшін үлкен қолдау, демеу екенін сөзсіз. Елбасы арнайы Жастар жылы деп жариялаған 2019 жылы осындай мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздегі көптеген жастар жұмыспен қамтылып және баспаналы болады деген сенімдеміз.

Abai.kz 

0 пікір