Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3661 0 пікір 26 Шілде, 2011 сағат 07:26

Сәкен Бозаев. «Көже қарным аш емес, көңіл қарным ұлып тұр»

Үш аңшы үлес бөліскенде  жалғыз  сарт екі қазақтың алдына бір-бір дуадақ  тастап, қалғанын «үлесіме үш үйрек, былай жатсын қоңыр қаз» деп алдына  алғанда, екі қазақ бір - біріне қарап, «қайтсін, атап-атап алды ғой» депті  деген  мысал бар еді.  Сол момын қазаққа табиғат сыйлаған байлықты   сиырдың жаңа тастаған жапасына үймелеген   қара қоңыздай  сырт елдердің сыртқа тасып әкетіп жатқан зардабын көрмей, білмей отырғанымыз жоқ.   «Қазақтың жүз түйесін бұралқы иттің құйрығына байлап  Ташкентке апарып өткіздім»  деген  сартқа мазақ болғанымыз аздай, қашанғы жымысқы бұралқыларға жем бола бермекпіз. Інгенін іздеп, мінгенінен айрылғандай болып жүрген  қазақтың Тәуелсіздіктен күткені осы ма еді?!:.

Орыс отарлаған заманда  патша жандаралдары  «мұжықтың малы ұрланса, көрші қазақ төлесін» деген жарлық шығарып, ұрылар үшін мал тартқызған еді. Сол қазаққа енді өзге елдің жандаралдары емес,  өз билеушілеріміздің   ұрылар үшін мал тартқызғандай  болып жүргеніне не айтуға болады?   «Аққумен істес болсаң көңілің пәк болады, Қаршығамен істес болсаң қарның тоқ болады, Қарғамен істес болсаң шоқығаның боқ болады», - дегенді даналарға айтқызған дәуірге қайта оралғандай болып отырмыз. Байыған үстіне байи түссем дейтіндер мен қалт-құлт тіршілікке тұтқын болғандардың  ғана бұған  өкпесі болмай жүр.

Дала билерінің бірі - «Көже қарным аш емес, көңіл қарным ұлып тұр» деген екен.   Рухани құндылығымызға  ақау түсе бастағанын аңғарғаннан айтылса керек.  Күн түспеген көлеңкеде өскен қисық бұтақтай біріміз құлыншаққа, біріміз қуыршаққа қарап,  сәулетке емес, дәулетке сұқтанғандар қызығын қызықтағандай болып жүрміз. Бұл тіршілігіміз  «қарын тойғызып, нәпсіні қанағаттандыруды ғана бақыттылық санасақ, ең бақытты шабындыққа түскен  бұқа болар еді» деген сөзді еске түсіреді.

Адал еңбек емес, алаяқтық үстемдік етіп жатса, іштей түлеп,  жаңарып жатырмыз деп айту да қиын.  Қолында құрығы барлар  дамып жатырмыз, байып жатырмыз деп қарын қасып, желге қарай қанша шаптырса да ондай байлықты барлық қазақ  бірдей  көре алмай отырғаны белгілі. Қу құлқынға табынғандардың тамырлары айқасып, тереңге бойлап,  қақпақсыз қазандағы қазынаны майлы жерінен қылғытуға   алаңсыз бейімделіп алғаны  жасырын  жай емес.

Ешкімнің қазанына қасық, қамбасына күрек салмаған, астындағы атына да  ит сарып, доңыздың  аяғы басқан шөбін жегізбеген  ата тегімізге біткен намысшыл,  қайсарлық мінезден  айрылғанымыз   осылайша өзімізге сор болатын түрі бар.

Атырау облысы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531