Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3111 0 пікір 26 Шілде, 2011 сағат 07:13

Шәріпхан Қайсар. Рамзанға қырғыз орда сыйланды

Шешенстан елбасшысының ресми сайтында қырғызстандық Жумашалиевтер жанұясы Шешен президенті Рамзан Қадыровқа қырғыздың ақ ордасын сыйлағандығы жарияланды.

Ордаүйді шешенбасы өзінің резиденциясына құрып қоймақ. Оған көшпелі түркілердің ағаш сүйекті киіз жабулы әйгілі тұрақжайы әбден лайық көрінеді: көркем жасалған керегесі мен оюланған шаңырағы, ақ шаңқан киізден басылған үзік-туырлығы көздің жауын алардай екен. Оның үстіне кереге басына ілінген бағалы аң терілері де баспананы сұсты ете түсіпті.

Жанұя басы Бейшенбек Жумашалиевтің айтуынша, ол бірнеше ай бұрын түс көріпті, ол түсін отағасы Рамзан Қадыровтың Шешен республикасына басшы болып қайта сайланатындығына көрінген белгіге жорыпты.

Көп ұзамай әлгі түстен соң Бейшенбек немерелі болыпты, есімін ойланбастан Рамзан қойған. Ақыры немерелі ата-ана Р.Қадыровқа хат жазып, болған жайды баяндапты. Шешенбасы ойланбастан қырғыз отбасын Шешенстанға келіп кетуге шақырса керек.

«Қырғыздың дәстүрінде қонаққа құр қол бару жоқ. Рамзан Қадыровтың әлем мәдениетіне қатты қызығатынын ескеріп, біз оған ордаүй сыйлауды ұйғардық», - дейді Б.Жумашалиев.

Аталмыш ханорда  АКИpress  агенттігінің хабарлауынша, қырғыз жанұясына 20 мың АҚШ долларына түсіпті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530