Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 4460 29 пікір 6 Қыркүйек, 2019 сағат 14:57

ЖСДП жаңа төраға сайлады

Алматыда "ЖСДП-Ақиқат" партиясының 15 сьезі өтті. Сьезге 80-ге жуық делегат қатысқан. Таласты өткен жиында партия басшылығы ауысты. 

Сьез шақырылып, партия жиыны өтті дедік. Жиынға келгендер әуелі партия басшылығына сенімсіздік білдіру мәселесін күн тәртібіне қойыпты. Сөйтіп, азды-кем таласты талқыдан соң, партияның қазіргі басшысы Ермұрат Бапи төрағалықтан кетіп, орнына Асхат Рақымжанов дейтін азамат сайланды.

Өзіне қарсы дауыс берілмес бұрын, 4 айға жуық уақыт партияға төрағалық жасаған Ермұрат Бапи сьезд қатысушыларының басым көпшілігінің сөзінен соң, дау тудырмастан партия басшылығынан өз еркімен кететінін мәлімдеп, жиын аяғын күтпестен залдан шығып кетті. Ал дауысқа салу барысында сьезд делегаттары Ермұрат Бапиды басшылықтан алу туралы шешімге келді. Сондай-ақ, Ермұрат Бапи партиядан да шығарылды.

Жиында сөз алған сьезд делегаттарының кейбірі Ермұрат Бапидың партияға саяси күштерді тарту жұмыстарына сенбейтінін, оның Парижге барып, елдің бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалимен кездескенін айыптап сөйледі.

Дегенмен жиында сөйлеген кейбір азаматтар Ермұрат Бапиды қолдады. Съезд соңында сөйлеген Ермұрат Бапи мұны партия ішіндегі алауыздық деп бағалады.

"Елдегі жалғыз оппозициялық партияны жерледіңіздер" деп Ермұрат Бапи отырыс бітпей жатып, залдан шығып кетті.

Сьезд делегаттары дауыс беру арқылы партияның жаңа басшылығына Асхат Рақымжановты сайлады. Ол бұған дейін партияның Астана қалалық бөлімшесін басқарған.

Оппозициялық "Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның" төрағасы Жармахан Тұяқбай 26 сәуірде өткен партия съезінде төраға қызметінен кетіп, оның орнына "Дат" газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи сайланған еді. Осы кезде партия атауы "Ақиқат" ЖСДП болып өзгерген.

Биылғы өткен кезектен тыс президент сайлауына ЖСДП қатыспаған. Олар сайлаудың әділ өтетініне күмән келтіріп, 2021 жылғы парламент сайлауына дайындық мәселесін алға тартқан.

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600