Жұма, 29 Наурыз 2024
2647 0 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 13:46

Елбасы Жолдауына сай кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде

Әрбір қазақстандық азамат адал еңбегі мен өз күшіне сүйеніп салауатты өмір сүруі керек. Тынбай құлшынып еңбек еткен адам сол еңбегінің жемісін жейтін болады. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілебей" деген халық даналығы қай заманда болса да өз маңыздылығын жойған емес. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашанда ел азматтарын еңбек етіп, кәсіпкерлікпен айналысып, тұрмыс өресін өсіруге шақырып отырады. Елбасының айтуынша, жақсы кәсіп істеп, табысты өмір сүруге талпынуы керек.

Ел халқының кәсіпкерлікпен айналысуын қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, толыққанды атқарылып келеді. Сөзімізге дәлел ретінде 2010 жылы қабылданған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын айтуға болады. Аталған бағдарлама жемісті жұмыс жасап жатқандықтан, Елбасы кезекті жолдауында бұл бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырған болатын.

Қазақстандықтар жақсы білетіндей, Елбасы әр жылы Қазақстан халқына арнап Жолдау жолдайтын еді. Тұңғыш Президент өзінің әрбір Жолдауында отандатарымыздың тұрмыс өресін жоғарлатып, салуатты өмір сүруіне дол сілтейді. Ел азаматтарының табысын арттырып, өмір сапасын көтеру үшін жасалуы тиіс жұмыстарға бағыт сілтейді.

Дәл осындай аса маңызды Жолдаулардың бірін Елбасы өткен жылыдың бесінші қазанында елге жариялады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауда Тұңғыш Президент мемлекеттік қызметкерлерге маңызды міндеттерді жүктей отырып, ел экономикасын көтеруге күш салуға үндеді.

Аталған Жолдаудың 1-ші тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталады. Осы бөлімде Елбасы барша отандастарымызды барынша еңбекқор болуға шақырған. "Әрбір азамат тырысып еңбек етіп, Үкімет пен халық бірлесе әрекет еткенде ғана Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз" деген еді.

Тұңғыш Президент ел азаматтарының тұрмыс өресі бүгінгіден де жақсаруы үшін бизнес жақсы даму керек екенін айтады. Ол кісінің айтуынша, шағын және орта бизнесті дамытып, кәсіпкерлеікті қолдау мемлекеттік бұрыннан бері басты назарда ұстап отырған бағыты. Сол үшін әрбір азамат осы бағытта жұмыс істеуден тартынбауы керек.

"Бизнесті өркендетудің тұрaқты көздерін қaлыптaстырып, жеке инвестицияны ынтaлaндыру және нaрық еркіндігін қолдaу керек. Дәл осы бизнес aрқылы жaңa жұмыс орындaры aшылып, қaзaқстaндықтaрдың бaсым бөлігі тaбыспен қaмтaмaсыз етіледі" , - деген еді Тұңғыш Президент осы Жолдауында.

Елбасының осы Жолдаудағы тапсырмасын орындау үшін әр сала қызметкерлері белсене жұмыс істеуде. Атап айтсақ, жақында Шымкент қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл отандық бизнесті барынша қолдау керек екенін айтты. "Ел дамуына үлес қосып отырған отандық бизнеске қолдау көрсетуіміз қажет", деді депутат.

Депутат осы сапарында қаладағы энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын «Болашақ 7» ЖШС-нің жұмысымен жақыннан танысты. Аталған өндіріс зауыты атақты «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Зауыттың өзіндік жалпы құны – бір миллиард теңге. Бұл кәсіпорын «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан. Осы бағдарламаның қолдауына сүйене отырып кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бақытбек Смағұл өндіріс орнының жұмысымен ішкерлей танысып, жұмысшылармен жолықты.

"«Болашақ 7» серіктестігінде жасалатын өнім шикізатының 80 пайызы өз елімізден. Зауыт соңғы технологиямен жабдықталған, өніміміз сапалы болғандықтар сұраныс бар. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап іске қосылған зауытта 80-нен астам жұмысшыны тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Жалақы 140-160 мың теңге көлемінде", – деді кездесу барысында кәсіпорын директоры Ерлан Омаров.

Зауытта өндірліген жергілікті сусындардың дәмін татып көрген мәжіліс депутаты, бұл өнімнің сапасына жоғары баға беріп, тауар белгісін де жеріне жеткізе мақтады.

"Темір құтыдағы өнім шығаратын еліміздегі бірден-бір өндіріс осындай қарқынмен жұмыс істеп жатқаны қуантады. Зауыт басқа да өте сапалы сусындармен елімізді қамтамасыз ете отырып, оны шетелге де экспорттайды. Біздің өнімдерге шетелдерден, оның ішінде көршілес Өзбекстаннан сұраныс бар. Өкінішке қарай, біздің өнімдерімізге олардың салығы 4 есе қымбат. Ал, елімізге кіріп жатқан шетелдіктердің өнімдерінің салығы аз. Ондай жағдайда Парламентте «Nur Otan» партияcымен бірге салық мәселесін шешетін боламыз. Еліміздің дамуына үлес қосып отырған кәсіпорындарға жағдай жасау – біздің міндеттеріміздің бірі", – деді Бақтбек Смағұл.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жайлы біз жоғарыда да айтқан едік. Осы бағдарламаның арқасында елімізде талай азамат жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Елбасы өз Жолдауында 2010 жылы қабылданған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырған болатын. Әрі аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын бюджеттен қосымша отыз миллиард теңге бөлуді қарастыру керек екенін айтқан еді. Осылай істегенде үш жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және үш триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік беретін айтқан еді Елбасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606