Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021
Жаңалықтар 1704 0 пікір 25 Шілде, 2011 сағат 08:02

Ғаббас Қабышұлы. Базар нарқындағы сөз және Әбіш

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» ақпарат құралдарының айтқанына құлақ қойсақ, базар нарқы бағындырмаған ел-жұрт қалмай барады. Дақпыртпен басталып, дағдарыспен аяқталып жатыр. Ол пәле Қазақстанға да соғып, біраз айналдырып көріпті, бірақ біз, өзіміздің БАҚ-ымыз бадырайтып мағлұмат бергендей, оның айдаған жағына жүре қоймаппыз. Е, неге жүреміз?! Біз дегенің...  қазағымды айтам да...  біз шөлді шылқытар селіңді де, тасты қуратар шіліңгіріңді де сөзбен-ақ  шектеп, тоқтата  саламыз. Біздің тірлігіміз сөзде! Оғымыз өтпеген жерге сөзіміз өтеді. Аяғымыз жетпеген жерге сөзіміз жетеді. Біздің сөзіміз базар нарқына ешқашан бой бермейді! Сөз - біздің  сарқылмас шикізатымыз. Одан не жасағымыз келсе, соны оншама қиналмастан қалыптай саламыз. Оны қайда жұмсағымыз келсе, сонда дедектетіп жібереміз. Онымен не айтқымыз келсе, аузымыз - күні-түні ашық, тіліміз - тәулік бойы дайын! Мысалы, өзімізге жан-жақты танымал жазушымыз, кешегі сенатор  Әбіш Кекілбайұлының аса дарынды ақынымыз болған Мұқағали Мақатаев туралы сөзін оқып байқаңыз («Қазақ әдебиеті» гәзеті, 22-28 шілде, жұма, 2011 жыл).

Әбіштің айтқандарынан аңғарғанымыз аз емес. Әлі білмейтініміз баршылық екенін де түйсіндік. «...Абайдан басталған ақындық мектеп Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс тұсында салтанат құрып, көп ұзамай бәлду-бәлду бәдік дәуренге қайта тап болыпты» (бірінші рет қашан, қалай «тап болған»?!) Ақындық мектебіміздің  Қасым  мен  Мұқағали арасындағы «дәлду-дәлду» дәлізінде көзге ілерлік ешкім жоқ екен. Кенен, Сәкен, Сәбит, Иса, Асқар, Әбділда, Жұбан, Саин, Сырбай, Дихан, Ғафу, Төлеген, Қадыр... қай сыныпта қалып қойған? Ал Тұманбай бастаған дүбірлі топ  қай сыныпта жүр? Мұқағалидың алды-артында «дүлей» (?!) ақын неге болмаған?

Дүлей айтқыштарымыздың: «ұлы, дана, данышпан, кемеңгер, әулие, көреген, болжампаз...» деген сөздерді оңды-солды қолданып, «қазақтың өзге жұрттан ұзын сөзін» еселеп өсіріп жүргеніне куәміз. Әбіш олардан озыңқырамаса, қалыспапты. Ол өнері тұрыпты-ау, «Мұқағалиы бар халық өлмейді» деген «мәңгі-бақилық  жаңалығын»  айтсаңшы! Халық - құдайдың бір аты екенін ескеріп, тарихи Тұлғаларымыз туралы әңгімемізді: «Қазақ халқы аманда Ол тірі» деп тұжырып жүр едік, халқы тірісінде қадірлеген, өлісінде жадында сақтаған ұл-қызының ғана мәңгі тірі болатынына, қандай Тұлғаны болсын халық тудыратынына күмәнданбайтын едік. Енді Әбіш халықтың өлі-тірі болатыны Тұлғаның бар-жоғына байланысты деп «түзету» жасапты. Әйтеуір, мұнысының меніңше, президенттің жарлығы емес, сенаттың қаулысы емес, айтылған жерінде қалған арзан сөз болғанына  шүкіршілік.

0 пікір