Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 8399 25 пікір 4 Қыркүйек, 2019 сағат 13:56

Тарихшылар, тірімісіңдер!

2000 жыл бұрын қырғызда болған МЕМЛЕКЕТ қазақта болмаған ба?..
Айналайын, бауырлар, "қазақ мемлекеттілігінің бастауы - Жошы ханның Алтын Ордасы" деген далбасаны, Құдай үшін, қойыңыздаршы!

Бұдан 3 мың, 4 мың жыл бұрын қола, темір балқыта білген, 6 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретіп, жеріне малы сыймай, Батыста да, Шығыста да неше түрлі мемлекет құрған (Ұлы Парфянды айтсақ та жетеді) бабаларымызда мемлекеттің нышан-белгісінің бәрі болған - жері, елі, басқару органдары, салық жинау жүйесі, ең ақыры ешкім шақ келмеген атты әскері.

Әскері жоқ тобыр Кирге, Дарийге, Македонскийге қалай төтеп береді?.. Арқада Сақ,одан соң Қыпшақ, Қимақ, күнгейде Қаңлы, Үйсін, т.б. мемлекеттері болған.

Қырғыздар 2003 жылы өз мемлекеттігінің 2000-жылдығын тойлады. Қырғыздан қай жерің кем?! Ойлансаңдаршы!..

Тарихшылар, тірімісіңдер, сөйлесеңдерші!

Өмірзақ Ақжігіттің facebook парақшасынан

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580