Жұма, 19 Сәуір 2024
7824 2 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 14:22

Әнші Мейрамбек енді әкімнің кеңесшісі

Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев 1976  жылы Жамбыл облысында туған. Әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Abai.kz

2 пікір