Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3833 0 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:39

Қазақстанда Өзбекстанның тағы бір консулдығы ашылды

Ақтауда Өзбекстанның бас консулдығы ашылды.

Қазақстандағы Өзбекстанның елшісі Саидикрам Ниязходжаев Ақтаудағы дипломатиялық корпус Ташкент үшін ең маңызды дипломатиялық өкілдіктердің бірі болады деп атап өтті.

"Ақтау - Қазақстанның теңіз қақпасы. Бұл өзбек тауарларын өзге елдерге шығаруға мүмкіндік беретін ең қысқа жол. Енді тауар осылай бет алған кезде, халық та сол жаққа ағылады. Сол кезде әрине консулдық қажет болады", - деді елші.

2018-2019 жылдары Өзбекстан Ресейдің Новосибирск, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Владивосток, Ростов-на-Дону және Қазан секілді қалаларынан консулдығын ашқан.

Abai.kz

0 пікір