Жұма, 29 Наурыз 2024
6754 0 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:27

Мәжілістің күн тәртібінде тұрған заңдар мен заң жобалары белгілі болды

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жаңа маусымдағы алғашқы Бюро отырысы өтіп, алдағы сәрсенбіде талқыланатын сұрақтар жобасы қаралды.

Алдымен Н. Нығматулин жаңа V-ші сессия жұмысы басталғанын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауын Парламентте жасағанына көңіл бөліп, алдағы сессияның басым  бағыттарымен қатар Елбасының Қазақстанды дамыту бағыты бойынша,   елді одан әрі нығайтудың негізгі мақсаттарын айтылғанына тоқталды.

-соның ішінде, экономиканы жаңғыртуға, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ерекше назар аударды. Сондықтан, алдағы сессияда біз, Президент Жолдауында айтылған азаматтардың бостандығын қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау, жемқорлықпен күрес, экологиялық мәселелер басқа да сұрақтарды сапалы заңдармен қамтамасыз ететін боламыз,-деді Палата спикері.

Алдағы сәрсенбіде депутаттар назарына Армениямен Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады.

Сонымен қатар, осы күні бірқатар маңызды құжаттар жұмысқа алынады. Олардың қатарында:

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізуге қатысты конституциялық заң жобасы,

- Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы,

- республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы,

- 2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары бар.

Сондай-ақ:

- «Педагог мәртебесі туралы» және оған ілеспе заң жобасы,

- еңбек, туристік қызмет мәселелеріне қатысты түзетулерге арналған заң жобалары,

- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қатысты қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленетін болады.

Осы күні депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын да жұмысқа алмақ. Атап айтсақ, олар:

- Бразилиямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы,

- Моңғолиямен сотталған адамдарды беру туралы шарттарды,

- Өзбекстанмен Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы,

- Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау туралы,

- Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын,

- 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты,

- Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды

- Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы,

- Ресеймен «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді,

- Армениямен  Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау заң жобалары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594