Жұма, 19 Сәуір 2024
5096 0 пікір 3 Қыркүйек, 2019 сағат 13:18

«Менің Әуезовім» атты дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсы өтеді

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012 жылдан бері «Менің Әуезовім» атты дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсын өткізіп келеді.

Дәстүрлі конкурс келесі мақсаттарды көздейді: Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулу, ғылыми зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларға қойылатын талаптар:

  • шығарма мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс;
  • шығарма конкурсқа қатысушының дербес ғылыми-шығармашылық ізденістерінің нәтижесі болуы тиіс;
  • шығарма авторы 9-11 сынып оқушысы болуы керек;
  • шығарма көлемі А4 форматында (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жол
    аралығы – 1) 3-5 беттен аспауы тиіс;
  • шығарма мәтінінің жоғарғы оң жағында талапкердің толық аты-жөні мен нақты мекен-жайы (байланыс телефон міндетті түрде), сынып, мектеп атауы толық көрсетілуі тиіс.

Талапкер шығарманы «М.Әуезовтің тұлғалық жеті қыры» бағыты бойынша еркін тақырыпта жаза алады.

Конкурсқа ұсынылған шығармалар 2019 жылдың 24 қыркүйегіне дейін қабылданады. Конкурсқа қабылданған шығармалар анти-плагиат бағдарламасы бойынша тексеруден өтеді.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарды келесі ретпен анықтайды:

Үшінші орын – 1 , екінші орын – 1, бірінші орын – 1, бас жүлде (гран-при) – 1.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен, ал оларға жетекшілік жасаған ұстаздар арнайы сертификатпен марапатталады.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекші ұстаздары 2019 жылдың 27 қыркүйегінде өтетін М.О.Әуезовтің туғанына 122 жыл толуына арналған жас ғалымдардың «ХVІ М.О.Әуезов оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында марапатталады. Үздік шығармалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.

Комиссия қорытындылары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысатын оқушылар өз жұмыстарын мына мекен-жайға жіберуі тиіс: 050010, Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі 185, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы.

Біздің байланыс телефондарымыз: +7 (727) 261-22-27;  domauezov@mail.ru

Сіздерден Ұлы жазушы М.О.Әуезовтің шығармашылық қайталанбас қыры жайлы бірегей шығармаларды күтеміз! Баршаңызға сәттілік және шығармашылық табыстар тілейміз!

Шығармаларды domauezov@mail.ru электронды поштаға

Тақырыбы (тема): шығармалар конкурсы тегпен белгілеу МІНДЕТТІ!

Қосымша

Оқушының толық аты-жөні,

Оқу орны, сынып, электронды пошта және байланыс телефоны, Жетекшісінің толық аты-жөні мен

байланыс телефоны

Abai.kz

0 пікір