Дүйсенбі, 29 Қараша 2021
1288 0 пікір 27 Тамыз, 2019 сағат 17:11

Қызылордада 5 мың тонна етті өңдей алатын комбинат салынуда

Сыр еліндегі өндіріс орындары жобалық қуаттылығына сәйкес өңір экономикасын дамытуда. Бүгінде аймақта құны 567,7 млрд.теңгені құрайтын 28 жоба іске асуда. Соның бірі ауыл шаруашылығына бағытталған ет комбинатының жұмысы. Комбинаттың құрылысы бастау алған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқарма-сының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

Аталған цех іске асса қуаттылығы жылына 5 мың тонна етті тереңінен өңдейтін комбинат болмақ. Негізгі өнім экспортқа бағытталған, өнімі вакуумды қаптамада шығарылады.

Басқарма басшысы өңірде тұзға деген сұраныстың артуына байланысты жаңа испан цехын ашу ісі басталғанын жеткізді.

 «Аралтұз» акционерлік қоғамы биылғы жылы өнімге сұраныстың жоғары болуына байланысты 3-ші испан цехын салу мәселесін қарастыруда. Биылғы жылы кәсіпорын өндіріс көлемін былтырғы жылмен салыстырғанда 25%-ға арттыруда»,-дейді Ринат Сұлтангереев.

Айта кетейік, өңірде индустрияландыру картасы аясында 28 жоба өз деңгейде орындалуда. Өткен жылы іске қосылған цемент және әк шығару зауыттарының өнімі еселенуде.

Abai.kz

0 пікір