Жұма, 26 Сәуір 2024
Спорт 1814 0 пікір 6 Тамыз, 2019 сағат 18:37

Қызылордада веломарафон өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқының салауатты өмір салтын ұстануын әрдайым айтып жүреді. Халықтың белсенді түрде спортпен айналысып, тұрмыс деңгейін жоғарлартуын жіті бақылауда ұстайды. Елбасының бұл бастамасы ел көлемінде кең қолдауға бөленіп отыр. 

Қызылорда қаласында «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында веломарафон өтті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Қызылорда облысы ТЖД және оған қарасты бөлімшелердің 50-ге жуық қызметкерлері белсенді қатысты. Шараны Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов ашып, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Веломарафон «Суда құтқару станасы» ғимаратынан бастау алып, «Сыр Ана» ескерткіші кешенінде мәреге жетті.

Марафонның қатысушылары Сырдария өзенінің жағалауын тазалауға атсалысып жатқан «#Birge #TazaQazaqstan» қалалық экологиялық акциясының қатысушыларына, Қызылорда қаласының тұрғындарына, еріктілерге, қоғам қайраткерлеріне, облыс белсенділеріне «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы жадынамаларды таратты.

Abai.kz

0 пікір