Жұма, 29 Наурыз 2024
4478 10 пікір 2 Қыркүйек, 2019 сағат 14:43

Ерлан Қарин: Президент либерализацияға ден қойып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдіріп, қандай бағыттарға басымдық берілгелі отырғанын айтып берді.

«Президент бүгінгі Жолдауы арқылы саяси бәсекенің өсуін, көппартиялықты дамытуды, диалогты күшейтуді көздеп отыр. Менің ойымша, Мемлекет басшысы либерализация бағдарына ден қойып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Реформа үшін реформа жүргізудің» қажеті жоқ екенін ашық білдірді. Реформаларды іске асыруда ойлы да өлшенген қадамдар болуы керектігін айтты», - деді Ерлан Қарин Парламенттің бірлескен отырысынан кейін тілшілердің сауалдарына жауап бере отырып.

Президенттің кеңесшісі өз сөзінде тағы да біршама бастамаларды атап өтті.

«Президенттің саяси кеңесшісі ретінде қоғамдық диалогты дамыту, азаматтық диалогты күшейту туралы бастамаларын ерекше атап өтер едім. Әлбетте, Президент тарапының шағын және орта бизнесті дамыту бастамасының да маңызы зор. Мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті салықтан үш жылға босату туралы Үкіметке заңнамалық негіз әзірлеуді тапсырды. Менің ойымша, бұл кәсіпкерлікті дамытуда өте керемет жігер береді. Жалпы, Жолдау өте үйлесімді болды», - деді Ерлан Қарин.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606