Жексенбі, 16 Маусым 2024
46 - сөз 8373 4 пікір 2 Қыркүйек, 2019 сағат 12:50

Ғалымдар қайда қарап отыр?

Түркістанның түбінен 10-11 ғасырдағы біздің халқымыздың дамыған өркениетті ел болғанының дәлелі бола алатын су құбыры табылды. Осы уақытқа дейін "қазақтар көшпелі халық болған, отырықшылық өркениеті, мәдениеті болмаған" деп келген жалған идеялогияның тас- талқанын шығаратын бұлтартпас дәлел.

Осыны шетелдік БАҚ өкілдерін шақырып, баспасөз конференциясын өткізіп, жарты әлемге жар салуға болады ғой.
Анау Тараздың түбіндегі жаңылмасам 8--9 -ші ғасырда тұрғызылған Ақыртастың астынан да осындай құбыр табылған. Сол кезде де ғалымдар, тарихшылар үнсіз қалып еді.

Бұл деген шын мәнінде әлемге жар салатын, адамзаттың тарих туралы әлемнің түсінігін өзгертетін жаңалық қой. Шынымен осыны әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сауатnы жеткізіп ел имиджін көтеруге деңгейі жететін адамдардың, ғалымдардың болмағаны ма?

Әділбек Қабаның facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір