Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 5334 6 пікір 28 Тамыз, 2019 сағат 14:13

ХХI ғасыр - технология дәуірі

ХХI ғасыр - технология дәуірі. Қазіргі таңда адам өмірін жеңілдететін түрлі технологиялар күн сайын өмірге келіп жатыр. Оның игілігін көру керек. Мысалы ХҚ КО (ЦОН)-ды алып қарайықшы. Кейде біз технологияны түсінбестен немесе көңіл аудармастан қиындықтарға тап болып, бас қатырып, балтыр сыздатамыз.

Осыдан екі-үш жыл бұрын ЭЦП-ның не екенін білмеген сәтте, табан тоздырып ЦОН жағалап жүретінмін. Таңертең тұрып, артынша кезекте тұрып қиналатын едім. Оған кеткен есіл уақытты айтсаңызшы. Сондағы тұрысым мекен-жай анықтамасын алу үшін. Ақымақ бас қос аяқтың соры деп, таза ақымақ болыппын. Кейін ЭЦП келіп, бұл тұрғыдан өміріміз жеңілдеп қалды ғой.

Құдайға шүкір, ЭЦП деген жақсы болды. Үйде отырып алып, біраз құжатты реттеп тастаймыз. Электронды ХҚКО арқылы үйде шәйіңізді ішіп, жылы жерде, тыныш пәтерде отырып-ақ, барлық қажет мәселені реттей беріңіз. Менің ойымша ЭЦП жүйесін халық жақсы меңгерсе, онда ЦОН-дағы кезек те, тұрғындардың мәселесі де тез шешіледі.

Кейде үйге келген туыстар ЦОН-да ұзақ кезекке тұрғанын айтса, ЭЦП жайлы айтып беремін. Түсіндіруге тырысып, өзімнің ЭЦПым арқылы ноутбукпен көрсетіп беремін. Біразының өмірі жеңілдеп қалды қазір. Рахмет айтып жүр.
Менің ойымша жаңашылдықтан қорықпай, технологияларды барынша пайдалану керек. Бұл сізге уақыт үнемдеуге және құжат реттеуге үлкен көмек болмақ. Қазір тіпті мобильді қосымша арқылы да электронды ЦОН-нан анықтамаларды ала беруге болатынын ұмытпаңыз

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан
Abai.kz
6 пікір