Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
1925 0 пікір 4 Тамыз, 2019 сағат 13:22

Қызылорда облысының әкімі облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Сондай-ақ, «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясына қатысты. Шараға облыс бойынша 7000 жуық адам атсалысты.

Алдымен, облыс әкімі денсаулық және демалыс саябағына барып, «Сыр-Ана» монументіндегі қайта жаңғырту жұмыстарымен де танысты.
Жалпы ауданы 30 гектарды құрайтын саябақ әуежай трассасы бойындағы рәміздер алаңы және Тұңғыш Президент саябағы арасында орналасқан.
Содан соң, аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауында болып, сол жағалауды дамыту жоспарымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көрді.
«Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорғанды аралап шығып, елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, ардагерлердің ой-пікірлерін, халықтың ұсыныстарын тыңдап келдім. Атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым. Бүгін енді облыс орталығын көріп шықтым. Барлығымыздың басты мақсатымыз – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Ендігі міндет – Қырымбек Елеуұлы бастаған маңызды шаруаларды жалғастыру, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін анықтап, оны дер кезінде шешу. Ол үшін аймақтың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілген 12 бағытты қамтитын Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жсопарын жүзеге асыруымыз керек»,- деді аймақ басшысы.
Әрі қарай Қуанышбек Досмайылұлы Сыр өңірінде кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясына қатысты.
2019 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің басшысы А.Маминнің бастамасымен қолға алынған «Birge - Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы Қызылорда облысында әр апта сайын өткізіліп келеді.
Естеріңізге салайық, алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірген болатын. #Birge #TazaQazaqstan акциясы Сыр өңірінде Арал ауданындағы Көкарал бөгетінің жанын тазартумен басталды. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов эстафетаны өңірдің барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған еді.
Бүгінгі ұйымдастырылған акцияға аймақ басшысы, облыстық мекемелер, жастар және үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Облыс орталығында Сырдария өзенінің жағалауынан – Құтқару мекемесі аралығындағы 8 шақырым жерде 2 000 астам адам жұмыс істеді. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 7000 жуық адам атсалысты.
Акцияны әр сенбі сайын күз айына дейін жалғастыру жоспарлануда.Шара аясында қатысушылар тарапынан жақын маңда орналасқан тұрғын үй иелеріне қоқыстарды бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Abai.kz
0 пікір