Сенбі, 20 Сәуір 2024
4210 7 пікір 28 Тамыз, 2019 сағат 13:06

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысына дайындық жөніндегі ұйымдастыру кездесуі өтті

2019 жылғы 28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қ. Көшербаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысына дайындық жөніндегі Ұйымдастыру кездесуі болды.

Кездесу жұмысына Ұлттық кеңестің мүшелері қатысты.

Оның аясында Ұлттық кеңес қызметінің бағыттары мен тетіктері, Ұлттық кеңестің Бірінші отырысын өткізуге дайындық мәселелері талқыланып, жұмыс топтары құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №63 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Ережеге сәйкес, Ұлттық кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысын 2019 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Abai.kz

7 пікір